Өлең, жыр, ақындар

Кәсіби білім

Кәсіби техникалық оқыту білім беру саласындағы аса  күрделі саланың бірі және бірегейі.  Онын негізін кәсіби мамандар даярлау мәселелерін шешетін колледждер болып табылады. Сондықтан кәсіби техникалық оқыту жүйесін негізгі шарты – колледждерге қолайлы жағдай жасау, олардың материалдық техникалық базасы мен  өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін экономикалық қуатын арттыру. 

Кәсіби маман даярлауда  басты тұлға – өз ісін жетік меңгерген оқытушы. 
Оқу тобындағы студентердің   мамандықты игеруде, кәсіби тұрғыдан бәсекеге қаблетті  жұмысшы даярлау оқытушы мен өндірістік оқыту шеберлеріне тікелей байланысты. Олар  студентердің  дұрыс тәрбие алуында, мамандық бойынша  толық білім алуы мен кәсіби маман ретінде қалыптасуында  қажырлы жұмыс  жүргізетін  тұлға. 

Кәсіби техникалық білім беру  жүйесінде  педагогтардың  жаңашылдығын мен өзін іс жүзінде көрсете алуын қуаттай білуі олардың жұмысқа деген жігерін артырып, жаңа табыстарға жетелейді. 
Әр адамға «еңбек түбі- зейнет» деген қағида басшы болуы керек. 
Нарық талаптарына сай техникалық мамандарды даярлаудың маңыздылығын түсінетін уақыт келді . Мұндағы мақсат – студенттің жеке басының ерешеліктеріне қарай толық көлемде мамандықты игеру жолдарын қарастыра отырып, өз ісіне адал және шебер маман даярлау болып табылады. Осыны ескере отырып оқытушының міндеті кәсіби білім  мен мамандықтың қыр – сырларын жетік игеруге ықпал жасауына жағдай тұғызу қажет болады. 

Негізгі мақсат пен талап – студент бойында мамандыққа деген сүйініш пен қызығушылықты қалыптастыру, кәсіби мәдениетті тәрбиелеу, өз ісіне мақтанышпен қарай  білуге үйрету. 

Бұл бағыттағы іс әрекеттер колледж  және әлеуеттік серіктестер бірлесе атқаратын қарым – қатынаста  баса көңіл бөлуіне тиіс. Колледж және әлеуеттік серіктестік атқаратын істер әрқилы болғанымен,  олардың қарым – қатынасы бірін – бірі толықтыра отырып студенттің кәсіби даярлығын шыңдауға бағытталған болуы тиіс. Студенттің толық мамандықты игеруі  үшін ұжыммен  араласып жұмыс  жасай білуі керек. Сондықтан колледж бен әлеуметтік серіктес арасы табиғи жалғасып біртұтас педагогикалық ұжым құрылуы мақсатқа жетуге жол ашады. Нарықта бәсекелестікке сай мамандар даярлауда кәсіби техникалық білім берудің маңыздылығы жылдан жылға артып келеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз