Қазір жаһандану заманында технологияның әлемдегі күші айтарлықтай жоғары. Осындай технологиялық ғасырда қазақстандық телеарналардың жабдықталуы өсіп келе жатыр. Осы тұста қазақ телевизиясынның бүгінгі келбеті жайлы тоқтала кетсек. Заман солай ма, әлде адам талабы ма? Әйтеуір қазіргі кездегі арналардың бағыты жеңіл-желпі көңіл көтеретін бағдарламаларға қарай ойысқан. Үлкен сұрақ «адам тозды ма, заман тозып барады ма?»
Негізінен қытай даналығында «елдің қандай екенін музыкасы арқылы білуге болады. Сол арқылы жаулап алуға да болады. Музыкасы баяу елді тез мұңға батырып жаулап ала аласың, ал шошаңдаған музыкасы бар ел өзі-ақ құрып бітеді. Жанды рухтандыратын, шынайы музыкасы бар ел ешқашан майыспайды» деген сөз бар. Осындай нақыл сөзді ести отырып, теле арналардағы шуларды көріп, «әлсіз елге айналып бара жатқан жоқпыз ба?» деп ойлайсың. Одан кейінгі мәселе телеарналардың түрік, үнді, филиппин сериалдарын үзбей көрсетуі. Сол арқылы елдің миын улап жатқандығы. «Қазақстан», «Білім және мәдениет», «Спорт kz» арналарынан басқа арналарды қоса қалсаң, жарқ-жұрқ, сатыр-сұтырдан көз ала алмайсың. Бір сараптама жасап, ой тоқтатар бағдарлама көрсетіп жатқанын ара-тұра ғана байқамасаң, басқа уақыттырда ойын-күлкіден қолдары босамайды. Түріктің мұңға толы сериалы жүріп жатады, не үндінің не екені белгісіз айқай-шулы, кек алу, ұрыс болып жататын киносын көресің. Не болмаса шоу бизнестің жаңалықтары. Оның бәрі жеңіл-желпі бағдарламалар. Елге ой салатын бағдарламалар емес.
Таң ертең тұрасың «НТК» қоссаң шет елдік күлкілі дүниелер, кешке қоссаң соның тағы бір қазақстандық көшірмесі. Одан қалса «Ревю», «Жұлдыздар шеруі», «Күлкі базар».
«31-де» бітпейтін «Ризамын», «Шаншар, Алдараспан» сияқты театрлардың әзілдерін қайта-қайта қоя береді. «Алматы» «Әзіл студио». «Еуразия» «Патруль», «Той заказ», «Паутина». «7 канал» «Қуырдақ», «Шәй ішейік», «К-елі», «Айнаонлайн», «Жеңіп көр», «Қыздар арасында». Бұл телеарналардың бір күндік бағдарламасының ішінде орны ерекше, қалғандары жаңалық пен ток-шоудың үлесіне тиеді. Ол да аз әрина. Қалған бөлігінің бәрі аударылған бағдарламалар мен кинолар. Көзіңді алып жүре алмайсың. Адамның өз проблемасы жетіп жатқанда, адамдарды кинодағы проблемамен әлек қылып отырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі