Өлең, жыр, ақындар

Бәрі тамаша болады және болатынына сене біл!

Бұл күндер өтеді, қазіргі сезінген бақыт та,  қасірет те өткен күннің естелігі болып қана қалмақ. Соның барлығын біле тұра,  неліктен өз өмірімізді қиындата бермекпіз?  Адам дегеннің күллі түйсік-түсінігімен неге әлемге мейірім-махаббатпен қарамасқа? Неге айналамыздағылардың елең етуге тұрмайтын қыңқу сөздері мен қырғын мінездеріне көз жұма салмасқа? Бір минутқа қимайтын қайғыны неге бір айға сағызша созып аламыз? Не үшін күңіреніп,  кім үшін жас төгіп жүрміз біздер? Үнсіздіктен үрейленіп, кереңдіктен кесірлік күтіп не тантып жүрміз? Әлемге неліктен бір сәт сәби көңіл, тәтті сезім,  сырлы сеніммен қарамасқа? Неге біздер әр уақыттың құнын біліп, берекелі өткізуге тырыспаймыз? Ұмытылмайтын естеліктерден не үшін қорқамыз? 

Өз фобияларыңызды жеңіңіздер. Тым құрыса әрекет ете біліңіздер. Әділетсіздіктен аулақ болыңыздар. Әрбір күн,  әр минутты қадірлеңіздер.. Өмірге келген кезде бәрі қуанады, ал сен жылайсың. Өмірден өткен сәтте өзгелер жылайды, сен бұл өмірде жасап кеткен тірлігіңе қуанатындай болып кет! 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз