«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. "Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы" деп жазды Елбасы өз мақаласынды. Елбасымыздың тарихымыздағы жеті ерекшелік туралы ойларында тарихи мұрамыздың мол екеніне мән беріліп отыр. Уақыт тұрғысынан айтылып отырған мәдени жетістіктердің қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпал етті және олардың осы Ұлы Дала елінде пайда болғаны анық. Осының бәрі, әсіресе, оның ішінде тарихи жәдігерлер, өз уақытындағы өркениетті дамудың негізгі қозғаушы күші болғанын және технологиялық дамуға айтарлықтай септігін тигізген дәлелдер мақалада жан-жақты айтылған. Ұлы даланың жеті қырының кез келгені қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ Елінің рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері - «Алтын адам» жауынгері, түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алатын Түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркенденуіне септігін тигізген - Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ Елінің ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жәйт қана емес, сонымен қатар әрбір Қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар болып табылады.«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығаюына септігін тигізетініне толық сенімдіміз. Осы орайда «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Қазақ Ұлттық Университетінің Филососфя және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының Дінтану мамандығының 4 курс студенттері 14.01.2019-22.02.2019ж өткен педагогикалық тәжірибе аясында Алматы қаласы,Медеу ауданы Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі және іс-тәжірибе жетекшісі Елубаева К.Д ұйымдастырыуымен 9-сыныптарға арналған елбасымыздың"Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына арнап дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің өткізудегі негізгі мақсат– оқушыларға Н.Назарбаевтың «Ұлы даланы жеті қыры» атты мақаласы жайлы және мақалада атталған тарихымыз туралы түсіндіру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өздігінен жұмыс істеуге баулу. Адамгершілікке,мейірімділікке,ұқыптылыққа, өз туған жерін қадірлеп,Отанын сүюге тәрбиелеу. Тарихсыз халық жоқ. Тарихын білген халықтың болашағы айқын.Сонымен қатар кеш ерекшелігі құрметті қонақ Тарих ғылымдарының докторы профессор Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы. Ханкелді Махмұтұлы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына қатысты ой-пікірін білдіре отырып,жастарға өсиет-насихат айтып,отансүйгіштікке білімпаздылыққа,қазақ жерінің тарихи құндылықтарын сыйлап дәріптеуге шақыра отырып,оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.Оқушылардың да қаншалықты «Ұлы даланың жеті қыры» туралы білетіндерін ортаға сала отырды.Қалалық байқаудан Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы көріністерін қойып жүлделі орынға ие болды.Сонымен қатар әсерлі ән,күмірлеген күй де тартылды. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы барша жастардың тарихын тереңінен танып біліп, Отансүйгіштік қасиетінің артуына сөзсіз жоғары идеологиялық тәрбие болмақ. Ұлттық құндылықтарымызды тарих арқылы санамызға жаңғырта бастағанымызға ерекше қуаныштымын. Жастарымыз сонау замандарда Қазақстанның қай түкпірінде болмасын ата-бабаларымыздың тектілігіне тағы да бір көз жеткізетін болды. Толығымен оқушылар мен келген қонақтар өздерінің әсерлерімен бөлісе отырып,кештен алған құнды мәліметтері мәңгі жадыларында сақталып, ел қамы үшін аянбай еңбек ететін қазақ жастары өсіп жетіледі деген сенімдеміз. Өткенімізге көз тастап, ұлттық тарихымызды халықтың игілігіне айналдыра отырып, болашаққа қарай ұмтылуымыз қажет. Елбасымыз болашақ жастардың қолында дей отырып осы келіп жеткен 2019 жылды «Жастар жылы» дей отыра болашақ еліміздің бар байлығы,қорғаушысы,қамқоршысы да қазақ жастары.
Мақаланы дайындаған: Қазақ Ұлттық Университетінің Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының Дінтану мамандығының 4 курс студенті Танашбаеава Гүлжанат Философия ғылымының кандиданты.и.о.доцент Абжалов С.У
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі