ХХІ ғасыр техниканың заманы. Интернет жүйелері дамып, мультимедияға назар аударған кезең. Осы интернет жүйелерін көп пайдаланатын, беделді, халық жазбаларын жиі оқитын журналистердің ондығын жасап көрдік. Ерлер арасында танымалдығы жоғарылары.
1. Асхат Садырбай – 539 мың оқырманы бар. Интернет желілерінде өте белсенді. Өз ойларын, көрген мәліметтері мен қызықты білетін ақпараттарымен күн сайын бөлісіп отырады.
2. Бейсен Құранбек – 279 мың оқырмандары жеке парақшасына тіркелген екен. «Қазақстан» телеарнасындағы рейтингі жоғары ток-шоу «Айтуға оңайдың» жүргізушісі болғаннан бері халық арасында танымалдылығы артқан.
3. Нұрсұлтан Есжан – 117 мың оқырманы бар екен. Ол да жас тележүргізуші болғаннан кейін, қыздар арасында өте танымал. Себебі , кино актері және радио жүргізушісі, жан жақтылығымен жұртты тәнті етіп жүрген жас тележүргізуші.
4. Мейіржан Әлібекұлы – 96, 8 мың оқырман тіркелген екен. «Қазақстан» телеарнасының жаңалықтар қызметінде жұмыс жасағаннан бастан өзінің мықты журналистігін көрсетеді. Өз мамандығының біліктісі болғандықтан, М. Әлібекұлының жазбаларын ылғи қарап отырады.
5. Аман Тасыған – 71,1 мың оқырман жинай алған «Евразия» телеарнаның журналисті. «Кешкі кездесу» бағдарламасын жүргізе жүріп жұрттың жүрегін жаулаған креативті ойларын жариялайтын маман.
6. Өркен Кенжебек – 64,5 мың тіркелушісі бар. Ол жұртшылық бекерден-бекер парақшасына қосылған жоқ. Себебі аты шыққан мықты блогер. Оның күнделікті қызық жазбаларын оқуға құмар жандар баршылық.
7. Нартай Аралбай – 53,9 мың оқырманы бар. Өзін тірі журналист деп атайтын Аралбайұлы өмірде жан-жақты, кез келген іске ебі бар екенін парақшасы көрсетеді. Жұрт тамаша посттары үшін Нартайдың парақшасын парақтайды.
8. Ринат Кертаев – 49,5 мың оқырманы бар. «Хабар» арнасынындаңы «Жеті күн» сараптамалыңынан таныла бастаған журналисттің еңбегін оқырмандар жақсы бағалайды екен.
9. Ерқанат Көпжасар – 44,1 мың тіркелушісі бар. Оның желідегі танымалдығы «Таңшолпаннан» бастау алған.
10. Асаубек Айымбетов – 25, 9 мың оқырман парақшасына тіркелген. «1 канал Евразия» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі.
Журналистикада ер азаматтарға қарағанда қыздар қауымы интернет желілірінде белсендерек және танымалдығыт жоғары екен. Қазақ журналистикасының аруланынан желіні көп пайдаланатындар мен оқырман саны жағынан алдыңғы қатардағы ондықты ұсынамыз.
1. Көш басында 2,2 млн адаммен Ляйла Сұлтан тұр. Әйел бақыты жобасын ұйымдастырып, жүргізіп жүргеннен бері әйелдер арасында танымалдылығы артқан. Сонымен қатар, инстаграм желісінде қыз-келіншектердің хаттарын алып, жариялап отыратын «Үшбу хат» деген тағы парақшасы бар.
2. Динара Сатжан - 681 мың оқырман иесе. Оның танымалдылығының сыры сән әлемінің бикесі болып жүргенінде. Оның журналистік қырынан басқа актрисалық шеберлігін көрсетіп жүр, «Dinara Satzhan Fashion Group» сән үйінің иесі және блогер.
3. Нұрбигүл Сағындыққызы – 465 мың оқырманы бар. Ол «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Бірге таңдайық» бағдарламасының жүргізушісі болды, актриса. Қазір «Нұрбигүлмен сырласу» бағдарламасының тізгіншісі.
4. «Дара жолдың» жүргізушісі, теңдесіз тілші Дана Нұржігіт 446 мың оқырманымен алтыншы орыннан көрінді.
5. Әйгерім Сейфолла – 374 мың оқырманы бар. «Астана Тв» арнасының «Сырласу» бағдарламасының жүргізушісі ретінде халықтың көңілінен шыққан жүргізуші.
6. «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі, «миссис Қазақстан» атанған ана, белсенді интернет қолданушысы Гүлназ Әлімгерей 310 мың оқырмынымен алтыншы орынға тұрақтады.
7. Жетінші орынға 269 мың оқырманы бар интернет белсендісі, «Жұлдызды шаңырақ», «Айта берсін» бағдарламаларының жүргізушісі Анна Данченко.
8. «КТК» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Мадина Балғабаеваның оқырмандары 212 мыңнан асып жығылады.
9. Дина Төлепберген – 178 мың оқырманы бар «КТК» телеарнасының пысық жаңалық жүргізушісі. «Астарлы ақиқат» бағдарламасын жүргізеді және «Utir.kz» журналистер курсын ашқан тілші.
10. Қазақша сөйлегенде кей қазақты ұялдырарлық журналист Мая Веронскаяның 156 мың оқырманы бар. Ол бүгінгі ондықты түйіндегін тележурналист.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Асель
zanger, ескі мәліметтер сияқты ғой