Өлең, жыр, ақындар

Жүрегімнен орын алған ізгі жан

Айсәуле АРДАҚҚЫЗЫ

Журналистика мамандығының 3 курс студенті

Мен оны көшеден кездейсоқ кезіктірдім. Үш ұйықтасам да түсіме енген жан емес еді. Тек санамдағы сансыз сұрақтардың иесі болатұғын.

Жан дүнием алай-дүлей. Бір нәрсенің болатынын сезетіндей күймен сабаққа шықтым. Кенет жаяу жүргіншілер жолынан өтіп келе жатырған жүзі таныс жанды көрдім... Ол...

Пенделердің пешенесіне ажырасу жазылған болса, Алланың бұйрығынан асып қайда барасың?! Сонда сүйіп қосылған екі адам неге түсіністік таппайды екен? Өмірдің өз ақиқатына жүгінсеңіз, жақсы менен жақсының, жаман менен жаманның, тіпті бір жақсы мен бір жаманның да түтіндерін түтетіп, бір отбасында күн кешіп жатқанын көз көреді. Олар бақытты ма? Бәлкім, мүлде бақытсыз болар?! Бірақ, ажыраспаған. Осыны көргенде, аз ғана айлардың аясында құштарлықпен қосылып, көп ұзамай-ақ ажыраса салған өз ағам мен жеңгеме деген өкпем қайтадан қара қазандай болып шыға келеді.

«Егер менде жеңге болғанда...» деген тәтті қиялымның шегі жоқ менде. Ұзақ күткен жеңге мен қайын сіңілінің арасындағы байланыстың ғұмыры қысқа болатын білгенімде осыншама қиялыға ерік бермес едімғой. Әр адам өз өмірінің қожайыны. Алла Тағала оларды осылай жаратса керек. Ал бірақ мені неге оған бүгін кезіктірді екен... Оның жағдайы болмай жүргенін, бұрынғы мен білетін жеңгем емес екендігін естігем ұзынқұлақтардан. Бүгін оған көзім жеткендей. Мен білетін жеңгем болса ол сән қуған, бет күтіміне ерекше назар аударатын жан болатын. Ал бұл жолғы жеңгем мен естіген адамнан әлдеқайда суықтау.

Екеуміз бір аялдамада тұрмыз. Онымен тілдесейін дегем бірақ, аш қасқырдай оған жалп беруді әбестік деп таныдым да ұялы телефонымнан көз алмай тұрып қалдым. Алайда, тамағымды кернеп, өзегімді өртеген ащы уды қалай шығарарымды білмей далмын. Сөйтті де менің әлжуастығым аялдамаға келген автобустың санына қарамастан мінгізіп әкетті. Мен тек оның жанарында тұңған мұңды көріп, іштей сырласып кеттім. Бірақ, кейін ол ісіме қатты өкіндім. Ақ Жайықтың ақ дидарлы аруының жүрек үні мен хәлі осы аялдамада қалып қойды. Тәтті күндерден басталып, кездейсоқ кездесулермен жеңге мен қайынсіңілілік өмір тәмамдалды. Тәтті өмір – бір шынайы кездесулерге сеп болды. Сол шынайы кездесулердің белгісі болып, ақ жүрегімді мұңға толы сағыныш қалды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз