Өлең, жыр, ақындар

Даяшының бір күндік өмірі

Таңы ақ жиде, қара шалбар, алдына фартук байлаудан басталатын даяшының бір күндік өмірі қарбалысқа толы. Азаннан қара кешке дейін зырылдап жүгіру, тапсырыс қабылдау, келген мейманның көңіліне қарау, ыдыс-аяқ жинап, дастархан жаю бұл оңай жұмыс емес екені анық. Бір қарағанда даяшы болып жұмыс істеу оңай сияқты көрінеді. Алайда оны жұмыс жасап жатырғанда қандай маңдай терімен бес теңгесін тауып жатырғанын байқайсың. Әдетте мейрамхана, кафелерде жұмыс жасайтын даяшылардың дені студент жастар. Студенттер қауымы үшін бұл таптырмас жұмыс іспетті. Әрине, ол дипломды да, ақшаны да керек етпейтіндіктен. Тек ыдыс көтеріп жүре алсаң болғаны қалғанын сол жерде жүріп-ақ үйреніп аласың. Мен де бұл даяшылық өмірдің дәмін татқанмын. Үлкендердің көңілін табу, ізетпен ас ұсыну, жасы кішілерге иіле білу «оңай болды, бәрін үйреніп алдым» деп айта алмаймын. Бастапқыда мейман қабылдау мәдениетін жетік білмегенмін. Алайда, әр мейманның алғысына бөленіп, оларды күліп қарсы алып күліп шығарып тастадым. Шыдамдылық танытып күні-бойы отырмастан еңбек ету, мейманның көңіліне қарау әсте оңай шаруа емес. Бұл жұмыс әдетте қулықты, жасандылықты талап ететіндей. Әр таңың әрқалай ататындықтай келген қонақтың да беделі әртүрлі болады. Бірі қарапайымдылық танытып жіберген қателіктеріңді ескермесе, бірі салқынқандылық танытып жатады. Содан алатаңнан басталған жұмысыңның құны 2000 теңгеге татып, қара кеште бір-ақ шығасың. Ал студенттер қанша шаршап тұрса да ертеңгі күннің қамын ойлап, балл жинау қамына кіріседі. Сондықтан студент даяшы бар жұмысты атқарып азын-аулақ ақшаны місе тұтатын ең төзімді халық.

Айсәуле Ардаққызы

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар