Өлең, жыр, ақындар

Жаңашылдықты жұтатын да, жейтін де жастарма?

Заман жылан секілді жыл сайын түлейді. Бұл жаңа кейіпке ену. Заман да жаңашылдықты жиі енгізіп отырады. Ал соны алғашқылардың бірі болып қабылдап алатын кімдер? Әрине еңбектеген сәби, балалық шақтың саяхатын енді сезініп жүрген балдырғандар емес және замандағы өзгерісті кемінде жыл кешіктіріп аңғартатын ересек жандар емес, жел соққан жаққа қарай ұшатын біздер, яғни жастар емес пе?! Сыртқы келбеттен бастап, киім киісі, ішкен тамағы, жүрген жері, ұстаған ұялы телефоны барлығын заманнан  жұқтырып алуға дайын. "Мода" үнемі өзгеріп отырады. "Брэнд" атты әлемге де шек болмайды. Алайда осыларға тәуелді болған жастар нені түсінбейді. Олар шын туайтына келгенде ең маңыздысы ішкі сана-сезім екенін білмейді. "Мода" емес адам өзіндік стилімен жүріп, соны жоғалтпауы керек. "Брэнд" емес қарапайым дүниені тұтынғаны абзал. Өйткені түбінде ол босқа шығындалу әкеледі. Тағы  бір айта кетері тыңдайтын әуен, көретін видеолар, кинолар да осы тақырып аясында. Қарап отсаңыз олар жастардың қызығушылығы арқасында ғана осыншама танымал болып, өздеріне кіріс  кіргізуде.

Саналы ұрпақ әр жылтырға сызықпай, саналы нәрсені талап ететін болса, жаңашылдықта соған қарай өзгереді. Пайдалы, жақсы өзгерістерді бірден игеріп алған жағдайда, бұл зиянынан гөрі пайдасын көп тигізеді. Жастарды түзеу тек жастардың қолында екеніне осы бір дәлел болады. 

Сені тек "өзім" ғана өзгерте алатынына сенсең, қызығушылығынды елді көркейтуге, пайдасы бар тың заттары іздеуге алмастыр...

Мен өзіме сенемін, сізге де соны тілеймін!!!

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз