Өлең, жыр, ақындар

Сен сыйға тартқан орамал

Жаздай жадыраңқы көңіл күйім алып ұшып,өзіңмен кездесетін уақытты асыға күттім.Уақыт баяулап өтер емес,күндей құлпырған бейнең есімнен кетер емес,әрине бұл бекер емес.Көңілім көктемдей құлпырып,жүзіме рең кіре бастады.Жабырқаған жүзім тиылып,еріксіз жымиып суретіңе тамсанып қараумен болдым.Осыдан 2 жыл бұрын сен сыйға тартқан орамалыңда қолымда еді.Сені сағынған кезде орамалыңды жаныма серік еттім.Сенің кіршіксіз пәк риясыз сезімің сінген орамал,жабырқағанда жаныма жалау болды.Мұңайып сөнердей шоқ болған кезде жігерімді үрлеген алау болды.

Арғымақтай зулаған уақыт құдды бір тоқтағандай күй кештім.Қыстың бет қаратпас аязында қолыма гүл алып,вокзалға келдім.Әрине сен сыйға тартқан орамалыңда бар.Жанымды жылытар сәтте күннің еп бермес ызғар болуын қарасаңшы.Тұла бойым тоңып,аяқты-аяққа соғып мен тұрмын.Бірақ көңіліңдегі,өміріңдегі аруды ойласаң жаның жайланып жыли бастайды.Уақыт жақындаған сайын жүрек дүрсіліде соға түсті.Бір орында тұра алар емеспін.Әдетте вокзал xабарлаушы дыбыс ұнамайтын.Бірақ бүгін "Алматы-Атырау жүрдек пойызы 1 жолға келіп тоқтады" дегені жаныма майдай жақты.Көптен күткен сәтте келді.Міне бақыт.Сансыз адам ішінен өзі де жаныма ерекше көрінді.Кілт тоқтады.Қуаныштың жасы көзінен еріксіз шықты.Чемоданын тастап маған қарай баяулап жүре бастады.Мен өз-өзіме әлі де сенер емеспін.Менде ілгері жүрдім.2 жыл ішіндегі сағыныш,оны ойлап жабырқаған күндерім,суретіне телміріп өткен түндерім,бәрі бәрі құшағыма алған сәтте естен ғайып болды.Көзімді тас жұмып,бөлек әлемде жүргендей болдым.Осы күнге дейін мұңайған кезде жаныма серік болып,жаныма жалау болып,жігерімді қайрап,үміт берген әрине сен сыйға тартқан орамал еді.Сол орамалды өзіне кері тапсырдым.Себебі жүрегімді жаулаған аруым менің қасыма мәңгіге келді.

АҚНИЕТ Сарбасбай

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, журналистика мамандығының 2 курс студенті.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар