Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды заңдар мен құжаттар қабылданды. Соның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы” көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің өміршең бағдарламасын нақтылап берді.
Елбасының №1241 (2003) Жарлығымен мақұлданған бұл тұжырымдама (ҚР Конституциясы, “Білім туралы”Заңы, ҚР “Қазақстан 2050” даму стратегиясы; ҚР “Білім” мемлекеттік бағдарламасы; “ҚР экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы”; “ҚР экологиялық қауіпсіздікті сақтау’; “Экологиялық білім бағдарламасы”; “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арнаған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы”; “Айнала қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң және т.б. қаулы қаралар, баяндамалар және т.б бірден-бір мемлекеттік білім мен экологиялық саясатына қолдау көрсеткен шешуші құжаттардың бірі болды
Мектептегі білім мазмұнын құрылымына қойылатын қазіргі заман талаптарының бірі – дүние мен адам жөніндегі тұтас білімді жан-жақты қайта жасаумен сипатталады.
Білімге жаңа көзқарас, оның құнды мағынасын заманға лайықты түсінуден шығатын әлемдік тәрбиенің тұтас контекстімен арақатынасын белгілейді, білім мазмұны құрылымының нәтижесі ретінде білімнің жаңа формаларын жасауға бағыттайды. Бұл проблеманы шешудің тәсілдерінің бірі оқу материалының мазмұнын ұйымдастыру формасы ретіндегі интеграциясымен байланысты. Интеграция (латын тіліндегі қайта құру, толықтыру деген сөзден шыққан) кез келген элементтер мен бөліктерді тұтас біріктіруді көрсетеді. Интеграцияның диалектикалық аспектісі контексте оқу материалы мен ғылымның арақатынасын анықтау проблемасын қарастырады.Болашақ биология мамандықтарына экологиялық білім мен экологиялық тәрбие беру, оларды әлеуметтік жағынан дайындаудың негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Қазіргі таңда білім беру жүйесі барлық пәндерді өзара байланыстыра, кіріктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беріп, жастарды шығармашылық іс-әрекетке үйрету, жекебас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілік, орнықтылық қалыптастыру т.б. мәселелерді шешу мақсатын көздеп отырБүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің мазмұны мен мақсаты тәрбиелеу мен оқытудың жұмыс түрлерін ұштастыра отырып, одан әрі жетілдіруді, өмірмен байланыстыруды міндеттеп отыр. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және оны жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Биологияны жаратылыстану пәндерімен байланысында берілетін білім жүйесі материалды дүниенің бірлігі мен бүтіндігін көрсете отырып, мұндағы кез келген байланыстың үзілуі немесе түзілуі табиғаттағы тіршілік жүйесіне белгілі бір түбегейлі өзгеріс әкелетінін түсіндіріп, әрбір оқушының жаратылыстану пәндерінен білім деңгейін көтеріп қана қоймай, экологиялық білім мен тәрбиенің қалыптасуына да зор мүмкіндік ашады.
Физика пәніндегі атом құрылысы, химиялық байланыстар, химиялық реакциялардың жылдамдығы мен олардың жүру заңдылықтары, биологиялық тепе-теңдік ерітінділер және оның табиғаты, элоктролиттік диссоциация және оның теориясы, тотығу-тотықсыздану процестері, биогенді элементтер т.б. тақырыптардың қай-қайсысы болмасын, оларда қоршаған ортадағы заттардың айналымы, олардың биологиялық, физикалық, химиялық қасиеттері мен құрылымдары, табиғаттағы кездесетін биологиялық-физикалық үрдістер мен оның заңдылықтары, заттардың тіршіліктегі рөлі, олардың өзара бір-бірімен байланысы т.б. сабақтастықта қарастырылады. Биологиядан пәнаралық байланыс арқылы экологиялық білім беру ісі оқушыларға қоғам мен табиғаттың тұтастығы, атмосфераның жер бетіндегі тіршіліктегі маңызы, атмосфераны ластаушылардың негізгі көздері мен олардың қоршаған орта мен тірі ағза тіршілігіндегі үрдістерге әсері, қоршаған ортаға әсер ететін биологиялық, физикалық, химиялық факторлар жайы, айналамыздағы заттар зиянды қоспалардан тазартудың жолдары мен әдістері, ол тазартулар бүгінгі күндегі жаңа технологиясы жайлы т.б. түсінік қалыптастырылады. Материалдық денелердің бүкіл әлемдік тартылыс заңы (гравитация заңы); электр зарядтарының өзара әсерлесу заңы; тогы бар өткізгіштердің әрекеттесу заңы т.б. табиғат заңдары да объективті заңдарға жататындықтан, ол биологияның, физиканың, яғни жаратылыстану ғылымдарының заңдарымен өзара тығыз байланыста болады. Қоршаған ортадағы барлық материалдық денелер – бүкіл әлемдік тартылыс заңына зарядталған денелер – Кулон заңына магнит өрісінде қозғалыста болатын өткізгіштер – Фарадей заңына бағынады. Ал, Ньютон заңының тек күн жүйесінде ғана емес, галактикадағы жұлдыздар жиынтығы үшін де, заттардың ең ұсақ бөлшегі – атом үшін де қолданылатыны физика курсынан белгілі. Энергияның сақталу заңы (Гельмголц, Майер, Д.Джоуль); табиғат құбылыстарының барлығында да әрқашан энергияның бір түрі басқа түрге айналып отырады; энергия бір денеден екінші денеге беріліп отырады. Мысалы, өсімдіктер тіршілігінде маңызды қызмет атқаратын фотосинтез үрдісі барлық тірі ағзаның өмір сүруіне қажетті көмірсулардың көзі болып саналады Күн сәулесі энергиясының 42%-ы жер бетінің ашық кеңістігіне таралса, 58%-ы атмосфераға және топыраққа сіңеді. Осы сіңірілген энергияның 20%- жер бетінен шағылысатын болса, 10%-ы мұхиттар мен теңіздердің суларының булануына жұмсалады. Жер бетіндегі жасыл өсімдіктер жылына кДж энергия қоры жинақталған 100 млрд. тонна органикалық заттар түзеді. Осы жерде энергияның жоқтан бар болмайтыны және оның бір түрден екінші түрге айналып, өзгеріп отыратынына оқушылардың көзі жетеді.Температура – тірі ағзалардың дамуы және таралуы үшін маңызды экологиялық факторлардың бірі болып саналады. Жалпы тірі ағзалардың температурасы қоршаған ортаның температурасының өзгерісіне тәуелді. Демек, зат алмасуды құрайтын барлық реакциялардың жылдамдығы да температураға тәуелді. Қоршаған ортаның температурасының өзгерісі ағзадағы зат алмасу үрдісіне, егер ол өзгеріс әртекті болса қоршаған ортаның экологиялық проблемасын ұшықтырады. Жылуды сақтау және оны қажетіне қолдану үрдісін агрономдар үшін қарды тежеу жұмыстары негізінде түсіндіруге болады. Бұл жұмыс тек өсімдіктердің тамыр жүйесін жылумен қамтамасыз етіп қана қоймай, топыраққа ылғал қорының жинақталуына және оны сақтауына бағытталатыны белгілі. Энергияның сақталу және айналу заңының тек физикалық емес, оның табиғат заңдарына да жататынын байқаймыз.
Тығыздық – маңызды физикалық параметр. Топырақтың, судың, ауыл шаруашылық тағамдарының (сүт, май) т.б. заттардың тығыздығын анықтау экологиялық мәселенің бірі. Оқушылар топырақтың ауыл шаруашылығындағы маңызын жақсы біледі. Егер топырақ тығыздығын арттыратын болсақ, онда топырақтағы ауа мен ылғал ығыстырылады да өсімдіктердің өсіп-өнуі тоқтайды.
Адам, жануар ағзасындағы көптеген физиологиялық үрдістер физикалық заңдар негізінде жүзеге асады. Қан тамырлары арқылы қанның ағысы гидродинамика заңдылығына, қан тамырларының серпінділік қасиеті механикалық тербелістің барлығын көрсетеді, биопотенциалдың таралуы токтың биологиялық электро қозғаушы күшіне, ал тыныс алу аэродинамика заңдылықтарына ұқсас келеді. Жер бетіндегі тіршіліктегі эволюция ауырлық күшінің үздіксіз әсерінен түзілетіндігін ерекше атауға болады. Тірі ағзаның ішкі және сыртқы мүшелері өз қызметін үнемі Жерге тартылыс жағдайында атқарады. Сондықтан да олардың жаратылысында мықты сүйек қаңқасы қалыптасқан.
Термодинамика және оның заңдарын қарастырғанда, біз термодинамика энергияның бір түрден басқа түрге ауысу заңдылықтарын зерттейтіндігін, ал соның ішінде биологиялық термодинамиканың химиялық реакциялар кезінде байқалатын энергияның бір түрден басқа түрге айналуын, реакциялардың бағытын және олардың өздігінен жүру шегін және заттарда тепе-теңдіктің болу жағдайларын анықтайтындығын түсінеміз. Қоршаған ортада заттар бір-бірімен жылу алмастыра отырып қатынас жасайды. Жүйенің ішкі энергиясы молекулалардан, атомдардан, иондардан, электрондардың кинетикалық, потенциялық энергиялар қосындысынан тұрады. Термодинамиканың бірінші заңында дененің ішкі энергиясының өзгерісі айтылатындықтан, бұл жерде оқушылардың ішкі энергия туралы білімі дамытылады. Табиғаттағы макроскопиялық денелерде болатын үрдістер қайтымсыз болады. Осы қайтымсыз үрдістерді түсінікті термодинамиканың екінші заңы (Р.Клаузиус) түсіндіреді. Қоршаған ортадағы денелерге бір мезгілде басқадай өзгерістер әсер етпесе, суықтау жүйенің ыстықтау жүйеге жылу беруі мүмкін емес. Термодинамиканың екінші заңында, ретсіздік, энтальпия, Гибсс энергиясы туралы түсінік беріледі. Энтропия – жүйенің физикалық қасиеті. Энтропияға тән қасиет – ол барлық табиғи үрдістердің біртіндеп өсуі. Энтропия қыздыру, балқыту, газ көлемінің ұлғаюы, атомдар арасындағы байланыс нашарлағанда пайда болатынын айта отырып, экологиялық білім жүйесін қоршаған ортадағы заттардың таралуы, органикалық заттардың жануы негізінде беруге болады. Химиядағы тотығу-тотықсыздану реакциялары көп тараған реакциялардың қатарына жатады және табиғатта үрдістерде маңызды орын алады. Зат алмасу әр түрлі үрдістерден, мысалы, физиологиялық (қоректену, шығару), физикалық (адсорбция, диффузия) және биологиялық заттардың айырылуы және синтезделуінен тұрады. Сонымен қатар қарама-қарсы үрдіс – катоболизм (ірі молекулалы заттардың айырылуы, яғни тотығу, гидролиздену реакциялары іске асып, ұсақ молекулалы заттар, амияк, сүт қышқылы, су, көмір қышқыл газы т.б. түзіледі), анаболизм (жай заттардан ірі молекулалы қосылыстар, полисахаридтер, майлар т.б. түзілуі) негізінде іске асады. Заттар алмасқанда молекулаларында байланыстары бар белгілі бір энергия шығара алатын, яғни макроэргиялық заттар реакция барысында іске асады. Биология пәнінде ағзадағы зат алмасу үрдістерін қарастырарда ондағы реакциялар барысын физикадағы «ашық жүйе» ұғымын еске алумен қарастыруға болады, яғни қоршаған ортамен энергия немесе басқа заттар арқылы алмасу үрдісі. Жүйенің күйін оның температурасы, қысымы, көлемі, массасы анықтайды. Осы параметрлердің біреуінің өзгеруінен тұратын жүйе күйінің өзгерісі термодинамикалық үрдісті еске алынады. Заттардың алмасуы мен термодинамиканың І, ІІ заңдары міндетті түрде байланыста болады. Оқушылардың физикадан термодинамика туралы білімін одан әрі дамытуға мүмкіндіктері туады. Сондықтан пәнаралық байланыста экологиялық білім беруді ұйымдастыру, жеке пәндер мазмұнының, мәтінінің бір-бірімен өзара байланысын қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді. Экологиялық білім берудің мазмұны, нақты пәндердегі білім, бір-бірімен өзара ұштасып, сабақтасып жатса, онда әрбір жеке адамда жоғары әлеуметтік экологиялық сана-сезім, әрбір іс-әрекеттерінде ойлылық, жауапкершілік ұғымдары қалыптасады.
Сонымен Жаратылыстану пәндері арасындағы үздіксіз өзара байланыс нәтижесінде ондағы биологиялық, физикалық, химиялық, экологиялық ұғымдардың байланысын өзара сабақтастыра отырып, бүгінгі экологиялық мәселелерді оларға қатыстыра, берілетін материалдар негізінде экологиялық білім жүйесін мамандықтарына сәйкес маңыздылығына қарай бағыттап қарастырудың мүмкіндігі мол.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.«Қазақстан-2050» дейінгі «Қазақстанның даму шараларын іске асыру стратегиясы туралы» Президент жарлығы 28.01.2014ж.
2. Қазақстан Республикасында 2014-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау туралы тұжырымдамасы. Астана 2003
3.Шілдебаев Ж.Б. Экологиялық білім қалыптастырудың пәндік жүйесі. Бастауыш мектеп, №4, Алматы., 20046 15-24 б.
4. Кішібаева Д. Пәнаралық байланыстар. Қазақстан мектебі, 2005, №1, 31-35 б.
5.Әлімқұлова Э.Ж. Химияны жаратылыстану пәндерімен байланыстыра оқыту негізінде студенттердің экологиялық білімін жетілдіру. Абай атындағы АлМУ. Алматы, 2005
6. Болтаев А.Д.. Пәнаралық байланыс арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Автореф... канд. пед. наук-Алматы, 1994жыл. 21 бет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі