Өлең, жыр, ақындар

Қазақстандағы сұранысқа ие жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды

Қазақстандағы сұранысқа ие жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі - 2019 жарияланды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі Тәуелсіз аккредиттеу агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ЖОО-ларының ТОП-20 басты рейтингі

Орны

ЖОО

Қорытынды көрсеткіштер

(Баллдар)

1

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

295327

2

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

152765

3

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

68944

4

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

44957-40262

Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

5

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

37372-32767

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

6

С.Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

29034-28743

М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТҰРАН УНИВЕРСИТЕТІ

7

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

26580-25217

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

8

Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

21648-17093

М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

9

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

15081-13786

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫ

НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ

10

М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

12816-12572

С. ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

11

СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

11878-11134

С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ

YESSENOV UNIVERSITY

ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

12

Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

10621-9159

М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РУДНЫЙ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

13

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

8737-8688

ҚАЗАҚСТАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР УНИВЕРСИТЕТІ

14

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ

8298-8227

ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

15

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

6843-6632

А. МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

16

СЫРДАРИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

5985-5745

ШЕТ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

АЛМАТЫ УНИВЕРСИТЕТІ

17

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

5591-5269

НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ

АКАДЕМИК Ә.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

18

ТҰРАН-АСТАНА УНИВЕРСИТЕТІ

5000-4671

АКАДЕМИК Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АЛМАТЫ  ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ

19

М. ДУЛАТОВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ИНЖЕНЕРЛІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

3774-3462

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

20

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

2628-986

ҚАЙНАР АКАДЕМИЯСЫ

МАРДАН САПАРБАЕВ ИНСТИТУТЫ

АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ

АСТАНА УНИВЕРСИТЕТІ

«ҚР сұранысқа ие жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі - 2019»-да жетекші көшбасшылар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті болды.

Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (ТАРА/IAAR) жыл сайын өткізетін рейтингтік зерттеулер ЖОО-лардың негізгі міндеттері - түлектерді даярлау сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, білім беру қызметтерінің экспорттық әлеуетін өсіруге қол жеткізуге бағытталған.

ТАРА І санатты сарапшысы, ф-м. ғылымдарының докторы, профессор К. Шөнкеевтің, ТАРА рейтингтік зерттеу жобасының басшысы Г. Ниязов айтуынша, Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі 2019 жылы рейтинг жүргізу кезінде заманауи нұсқаны қолдану негізінде ЖОО-ларды саралаудың цифрлық бағдарламасының әдістемесі жақсартылған. Саралаудың цифрлық технологиясына Webometrics жекелеген элементтері қосылған, бұл объективті әрі айқын баға беруге мүмкіндік береді, және тиісінше осындай ақпарат қызығушылық танытушылар мен академиялық қауымдастық тарапынан сенімге ие болады.

Осылайша, ЖОО-ларды саралаудың цифрлық технологиясы автоматты режимде 456 білім беру бағдарламасы бойынша, деңгейлері (бакалавриат - 165, магистратура - 159 және докторантура - 132) және мамандарды даярлаудың 13 бағыты (білім беру, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауыл шаруашылығы ғылымдары, қызметтер, әскери іс және қауіпсіздік, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, ветеринария, есептеу техникасы) бойынша қорытынды есепті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

ҚР ЖОО-ларының «ТОП-20» бас рейтингі білім беру бағдарламаларының барлық бағыттару мен деңгейлері (бакалавриат, магистратура және докторантура) бойынша жинақталған жиынтық балл бойынша анықталады.

«Сұранысқа ие ЖОО-лардың ұлттық рейтингі - 2019»-ға еліміздің 87 ЖОО-сы қатысты. Саралау жұмыстарын жүргізу кезінде зерттеуге қажетті өзекті және, ең бастысы, сенімді дұрыс ақпаратты алу және өңдеу аса қиындық тудырды. Сондықтан да, қате ақпарат бергені үшін 28 ЖОО бұл тізімге енгізілмеді. Осылайша, Рейтингке саралауға қатысу үшін барлық талапты орындаған 59 ЖОО қосылды, олар: 8 ұлттық университет, 21 мемлекеттік, 10 акционрелік және 20 - жекеменшік ЖОО.

Айта кету керек, ЖОО-ларды саралауды жүргізу әдістемесінің негізіне мына критерийлер алынған:

Біріншіден, бакалавриат - магистратура - докторантура даярлық деңгейлері бойынша институционалдық және мамандандырылған аккредитация туралы мәліметтер.

Екіншіден, түлектерді жұмысқа орналастыру және олардың еңбек нарығындағы сұранысы.

Үшіншіден, адам ресурстарын дамыту деңгейі.

Төртіншіден, білім беруді интернационализациялау және академиялық ұтқырлықты дамыту.

Бесіншіден, оқытушылардың, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-жариялық белсенділігі, ол - жоғары оқу орнының әлеуеті мен тиімді ғылыми қызметінің белгісі.

Осылайша, жыл сайын жүргізілетін ЖОО-лардың ТАРА/IAAR мониторингі республиканың білім беру ұйымдарына білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге және арттыруға, және алдағы уақытта білім кеңістігінің халықаралық деңгейіне шығуға ықпал етеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

БаГила

Ең жоғары сұранысқа ие-ҚазҰУ. Ал, мұнда унив. Ышынде ен жогары рейтингте кай универ???

Данияр

Сду, Назарбаев, кимеп, қазақ британ университеттерінен басқасы далбаса, қайда барсаң онда бар. Ал негізі шетелге кетуге керек оқуға.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар