Өлең, жыр, ақындар

Хан Тәңірдің мұзбалағы-Мұқағали!

Мұқағали-қазақтың мандайына біткен жарық жұлдызы,біртуар тұлғасы. Мұқағали атамыздың ең құдыреті-жүректен шыққан сөз ғана жүректерді қозғайды,ойлаңтады. Әрбір жазған өлеңдері мен поэмалары басқа ақындарға мүлдем ұқсамайтын сұлу,сөз жетпес тұлғаның дәлелі. Мұқағалидың інжу-маржандарын оқи отырып жүрегіме көп нәрсені түйдім.Адамның бойындағы кем тұстары жайлы поэзиясында толық түсінгендеймін.

Меніңше,Мұқағали шығармаларын түсініп оқыған қарапайым адамзат өзінің түсінігі,кісілігі,адамгершілігі,алыстан аңғарылып тұрады.

Мен ұлы ақыннан жаңашылдыққа ұмтылуды,өзіңе сенуді,еңбекке адалдықты, ең бастысы адамгершілік адалдықты, ұлы қасиетті сақтау-бәрінен де жоғары екенін ұқтым.

Жұмыр жерде мекендеген халықтардың қай-қайсысының да ғасырлар бойы сұрыпталып,інжу маржандай астарлы да асыл, ұлағатты шешендік,даналық сөздерінің мол екені мәлім.Тіл байлығының алтын қорынан саналатын осынау ғибратты сөздер өмір шындығын,халықтың тұрмыс тіршілігін,психологиясын,қоғамдық прогресін тайға таңба басқандай дәл де шебер,мәнді етіп бейнелеуімен де,сөздік құндылығыменде ерекшеленген- тағы да,Мұқағали Мақатаев болатын!

«Мұқағали Мақатаев-адамдар арасындағы,өмірдегі,табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның...өлеңдері шын тебіреністерін,шын табиғаттан,шын күйзеліс пен шын қуаныштан,шын сағыныштан туған»-деп ақын жайлы шынайы пікір білдірген екен Әбіш Кекілбаев!

Сырқаттанған уақытта Мұқағали бабамның поэзиясын тебіреніп оқитынмын! Сондағы адам баласын сабырға шақыратын керемет туындыларды оқысам жүрегіме дауа тапқан күйде боламын. Мұқағалиша жырлаған, сөз саптауы ерекше әсер қалдырған Гауһар Көпжасарқызының мына бір өлең жолдары тәнімді қуаттады.

Жабығып кейде, өмірден мынау түңілсем,

Орнымнан тұрып, шалынып қайта сүрінсем.

Кінәлап мені, сын артпа маған, өтінем,

Ішімде жатқан білмейсің сырдың бірін сен.

 

Шарықтап барып, қалықтап қайта құласам,

Тағдырға налып, сол бір сәт тағы жыласам.

Жасық екен деп жазғыра көрме, өтінем,

Себебін айтам, өзімнен келіп сұрасаң.

 

Қамығып кейде, томаға тұйық боп қалсам,

Ойыммен сол сәт алысып жүрем ақ сарсаң.

Жақтырмай жүр деп мін артпа маған тағы да,

Білерсің жайды, сырымды менің ақтарсаң.

 

Осылай айтсам, сөзіме құлақ түрерсің,

Қолдарсың, әлде түсінбей сырттай күлерсің.

Жанымды менің жүрекпен мендей сезініп,

Мен болып өмір сүре алсаң ғана білерсің...

 

Ұлы Мұқағалидың шығармашылығы-халқымыздың ғасырлар бойғы рухани азығы екені айқын дәлел.

Менің болашақтағы арманым мен қиялым бар. Мұқағалидай ақын бола алмасам да,қарапайым қаламгер боламын, тіс қақтырған танымал журналист боламын, Абай айтпақшы даналарымдай болмасам да,ұқсап баққым келеді...

Мен нағыз қазақ деп Мұқағали атамды айтар едім. Ендеше,менің қымбатты достарым жаныңның жайсаң болып қалыптасуын қаласаң,Мұқағалиды үңіліп оқы,үздігіп оқы. Оның әр сөзіңе ұлы қазақ болудың үлкен саясаты барын ұғын. Өйткені,сен,мен-Алаштың ұрпағымыз!!!

Мен текті елдің, Қазақтың қызымын!! Әрқашан, Қазақтан шыққан ұлы тұлғалармен мақтанамын,марқаямын!!!

Игенова Зарина


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз