Осы өнертабыстың бір бөлігі ғана қолданысқа енген болса, бәлкім біз мүлде басқа әлемде өмір сүрер ме едік. Төменде түрлі себептерге байланысты нақты іске асырылмай қалған викториан дәуірінің ең оғаш 20 патенті жинақталды.
Бұл құрылғы велосипедтің туысы. Оның дөңгелегі біреу, жолаушы соның ішінде отырады. Аяқты жетек арқылы қозғалысқа келтіріледі.
Моноцикл, тіпті жауыннан қорғайтын қолшатырмен де жабдықталған. Бұл өнертабыс қаншалықты төзімді екені белгісіз. Бірақ көп көлемде шығарылмауына қарағанда, кемшіліктері болған тәрізді.
Бұл ұшатын машина 1889 жылы патенттелген екен. Өнертапқыштың ойынша, адамға кішігірім шар мен қанат байлап бекітіледі. Шар көтереді, ал қанаттар жылдамдықты үдетеді. Бәрі де көңілге қонымды сияқты, бірақ ешкім ұша алмады. Бұл механизмді ойлап тапқан Спалдинг мырза қазіргі кезде адамдардың реактивті аспалы сөмкенің көмегімен ұша алатынын білді ме екен.
Бұл сіз ойлағандай робот емес. Бұл 1881 жылы ойлап табылған дайверлердің керек-жарақтары. Америка тумасы Стивен Таскер суға сүңгушілерге арнап үлкен қысымға шыдауға мүмкіндік беретін, металлдан әзірленген гидрокостюм ойлап тапқан.
Сол сәтке дейін теңізшілер жұмсақ сүңгуірлер костюмін пайдаланып жүргенін айта кету қажет. Ал қысымға төзімді жүйесі бар алғашқы қатты скафандр өндіріске 1900 жылы енгізілді, бірақ бұл Стивен Таскердің гидрокостюмы емес еді.
Бұл өнертабыс жиырмасыншы ғасырға тиесілі және Викториан дәуіріне жатқызылмайды. Бірақ оның ерекше болғаны соншалық, біз оны айналып өте алмадық.
Англия мен Австралияда өткен ғасырдың отызыншы жылдарында таңғаларлық сауық түрі кең тараған: жүйрік иттерге салт мінген маймылдар жарысы. Маймылдарды салт мініп жүруге үйретіп, жарыс ұйымдастырылған. Бұл құрылғы маймылға ер-тоқымда ұқыпты ұстап отыруға мүмкіндік берді.
Егер ғимаратта өрт шықса, не істеу керек? Дұрыс, терезеден секіру керек. Енді жерге түскенде қатты зақымданбау үшін арналған парашют керек. Парашют туралы идея Леонардо Да Винчи заманынан бері адам қиялында үнемі болды, ал оны адамның басына бекітіп қою туралы ой бірінші рет Оппенгеймер мырзаға келіпті.
Егер өнертапқыш тесттен өткізу үшін жәй ғана өзін басынан іліп қойып көрсе еді, онда ол мұндай идеяны патенттеу қоғамына бермес еді. Бұл әдісті үйде қайталамауларыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ «дарынды» өнертапқыш қалың платформалы аяқ киім киуді де ұсынған екен. Онымен жерге түсу қолайырақ боладымыс. Енді мойыны сынып, аяғы ауырмай жерге түскен адамның қандай күйде жатқанын елестетіп көріңіз.
Шамасы, өнертапқыш Кирхбаумды адамды қателесіп өлді деп, тірідей көміп тастауы мүмкін деген ой қатты мазаласа керек. Мүмкін бұл оның жеке басының фобиясы шығар, дегенмен ол адам табытта жатып, жоғарыға белгі бере алатын құрылғыны тіркеуден өткізген.
Табытта тұтқасы бар перископ үлгісінде девайс жасалған. Егер кенеттен оянып, айналаның тастай қараңғы екенін байқасаң, онда тұтқаны бұрай бер, жоғарыдағылар байқап, сені қайтадан қазып алар.
Өнертапқышты тауықтардың қайта-қайта бір-бірінің көздерін шоқығаны қатты уайымға салған тәрізді. Ол ұябасарларға арнап қорғаныс көзілдірігін ойлап тапқан екен.
Бұрындары ер адамның барлығы қалпақ киетін, ал әйел адамдардың жанында шешіп қоятын. Уақыт өте әйел адамдар жиі кездесетін болғандықтан, ерлер қайта-қайта қалпақтарын шешуге ерініп, оларды көргенде тек бас киімдерін аздап жоғары көтеретін болады.
Бірақ кейбір еріншектер үшін бұл қарапайым әдеттің өзі тым ауыр болып көрінгендей. Бәлкім сол себепті Бойл мырза қалпақты қолсыз-ақ аздап жоғары көтеретін құрылғыны ойлап тауып, патенттеді.
Нағыз еркектер дұшпанын револьвермен атып өлтіреді. Өнертапқыш Уильямс дәл осындай адам болған тәрізді, ол әлемдегі ең залым тышқан аулағышқа патент алған. Тышқан ірімшікті жесем деген үмітпен жақындап келгенде, маңдайына тоғыз грамм қорғасын тиеді. Лайықты өлім.
Мұндай құрылғыдан қазіргі заманның асүйі де бас тартпас еді. Қарап көріңіз, шынымен де пайдалы зат.
Ғимаратта өрт шықты деп ойлаңыз, ал сізде жоғарыда аталған басыңызға бекітілетін парашют жоқ. Өрт сөндірушілер кіріп жатқан баспалдақпен түсуге тура келеді. Баспалдақта кептеліс, сізге төмен түсу қажет, ал өрт сөндірушілер өртті сөндіру үшін жоғарыға қарай бет алуда. Дәл осы сәтте Эдмонд Деннис мырзаның бәтеңкелері қажетімізге жарап қалуы мүмкін. Баспалдаққа астыңғы жағынан жармасып аласыз да, алға баса баса бересіз.
Бұл бетперде түтін толған ғимарат ішінде көруге де, тыныс алуға да мүмкіндік береді. Көзілдірік көзді қорғайды, ал ауыздан шыққан түтік еденге бағытталады. Баршаға мәлім болғандай, еденге жақын ауа тазарақ болады, өйткені түтін төменнен көтеріледі. Сонымен қатар мұрынға арналған қысқыш та бар. Ал егер өрт болмаған жағдайда бұл бетпердемен доcтарыңызды қорқытуға болады :)
Роберт Клей еңбектеген баланың кейпіндегі осындай ойыншыққа патент алған. Ол еденде дөңгелек арқылы жүреді, ал аяқ-қолдары нағыз баланың қозғалысын жасайды.
Бұл көлік академиялық есу жанкүйерлеріне арналған. Ер адам отырып, өзі дағдыланғандай есе береді. Бірнеше ондаған жылдардан кейін бұл қол жетегі бар мүгедектер арбасында қолданыла бастады.
Экстремал-жаңашылдар барлық кезеңдерде де болған. Бұл велосипед трюктер мен цирк өнерін көрсету үшін арнайы ойлап табылған. Автордың ойы бойынша, оның көмегімен толық айналым жасауға болады.
Белгілі болғандай, қаншалықты ойға қонымды болып көрінсе де, бұл құрылғы сызбасы жасалғаннан кейін, әрі қарай дамыған жоқ. Мүмкін біреу-міреу нобайын көріп қалып, инженерлік ойдың жауһарын жасауға шешім қабылдайтын шығар?
Он тоғызыншы ғасырдың соңында темекі шегушілерді әлі сынға ала қоймаған еді. Олар адамдар арасында, қалаған жерлерінде шылым шеге беретін. Біз қазіргі уақытта темекі шегетіндерді оқшаулаған тәрізді, бұрындары мұндай зиянды әдеті жоқтар оқшау отыруға мәжбүр болатын. Темекіге қарсы бетперде патенті — ертедегі 1877 жылдан жеткен, көмек сұраған адамдардың жан айқайы. Бізге белгілі болғандай, бұл бетперде кеңінен қолданыс таба қоймаған.
Қағида өте қарапайым. Басына үндістің суреті салынған картон цилиндр киіледі де, көздердің орны ойылады, ал ішіне кәдімгі майшам орнатылады.
Яғни, адам қараңғыда жүріп, жанып тұрған көзі бар үндістің бет-әлпетімен өтіп жатқан адамдарды қорқытады деп жобаланады. Отпен жұмыс істеген кездегі немқұрайлылықты сезесіз бе? Қолдан жасалған осындай бұйымдардың салдарынан басқа өнертапқыштар өртке қарсы құралдарға қаттырақ көп көңіл бөлген болса керек...
Өнертапқыш Плант жүзуге үйрететін қызықты костюм ойлап тапты. Ол тығындардан тұратын сауытқа ұқсас нәрсе болып табылады. Мұндай киіммен іс жүзінде суға бату мүмкін емес, суға шашалып қалмасаңыз болғаны.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі