Өлең, жыр, ақындар

Алоэ

Алоэ — суккулентті (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар) өсімдіктер тобына жататын гүл. Шыққан жері Оңтүстік Африка аймағы болып саналады. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Алоэ сөзі араб тілінен шыққан. Мағынасы «ащы» деген сөзді білдіреді. Сондай-ақ, емдік қасиетіне байланысты «Үй гүлдерінің королі» деген де балама атқа ие.

Алоэнің етті, семсер тәріздес жасыл, жалпақ әрі жуан жапырақтары бар. Жапырақтары гүл бойында су қорын сақтауда үлкен маңызға ие. Алоэ гүлі үйде тек декоративті мақсатта ғана емес, емдік мақсатта да өсіріледі. Емдік практикада алоэнің жапырағы мен шырыны және де алоэ экстракты (механикалық және химиялық әдістермен бұзылған ұлпа) пайдаланылады.

Мүмкіншілігі болғанша, күннің шуағы түсетін, жаздың күндері ашық жерге орналастырған жақсы. Қыста жарық жерде, ауа температурасы +10°C деңгейінде болатын орында ұстауға болады.

Жаз уақытындағы вегетация кезеңінде (өсу кезеңі) алоэнің су сақтағыш ұлпалары (суккуленттері) ылғалдылықты көп қажет етпейді. Сондықтан, әр бір суарудан соң топырақтың кебуі (құрғауы) керек. Қыста салқын жерде тұратын болса, көп суарудың қажеті жоқ. Дұрыс суармаудың нәтижесі алоэнің ауруына әкеліп соғады. Крандағы салқын суды бірден құюға болмайды.

Жазда айына бір рет кактустарға арналған тыңайтқыш арқылы топырағын құнарландыруға болады.

Тұқым арқылы, жанама тамырлар арқылы және жапырақ сабақтары арқылы көбейеді. Көбейту процесі тұқым, жанама тымыр және сабақты құмды топыраққа отырғызу/егу арқылы іске асады. Суды тек топырақ құрғаған кезде ғана құйған абзал.

Алоэ дарақ (тал) тәріді өсімдік болғандықтан, өсу барысында жан-жағына өркен жаяды. Сол себепті де үлкен әрі биік болып өсуі ықтимал. Алайда, мұндай үлкен көлемді алоэ берік болмайды. Сондықтан оны топырақ салынған құмыраға (горшок) немесе ауыр кашпоға отырғызу керек.

Үйде өсірілетін алоэнің ең көп тараған түрі — Нағыз алоэ (Aloe Vera). Оның барбадостық алоэ (Aloe barbadensis), кәдімгі алоэ (Aloe vulgaris), сары алоэ деген аттары бар. Алоэнің бұл түрі әлем бойынша емдік мақсаттарда кеңінен пайдаланылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Ауф

Алоэнын құрылысы күрделі жəне сабақсыз

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер