Ебін тапқан екі асар

Басты бет / Әңгіме мен мақала / Ебін тапқан екі асар

Баяғыда бір үлкен ас беріліп, бәйге жарысы болыпты. Біреудің аты бәйгеден келіпті. Жүлде алыпты. Алған жүлдесін жұртқа үлестіріп тұрып, ат иесі:

— Тағы кім қалды? — деп сұрапты.

Сонда бір қу:

— Боз атты Божбан қалды,
Құдайға жазған қалды,
Онан соң мен қалдым! — деп үш сыбаға алыпты. Сөйтсе атап-атап айтқандарының бәрі әлгінің өзі екен.



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)