Асыл аға туған күн құтты болсын!

Басты бет / Тілектер мен құттықтаулар жинағы / Асыл аға туған күн құтты болсын!

Асыл аға туған күн құтты болсын! — Тілектер мен құттықтаулар жинағы тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Бала шақтан кеудеңде таласты үміт,
Қаныңда жоқ әу бастан оғаш қылық
Өз күшіңмен келесің асыл аға,
Бақытыңды сәтімен қаластырып.

Той тойлаған жақсы ғой жанұямен,
Құда-жекжат, нағашы, қариямен.
Жүзге дейін талмастан, қажымастан,
Жүзе бергін ұлы Өмір-дариямен!..

*** *** *** ***

Несібе үзіп әр күннің үлесінен,
Шыға білдің әр істің үдесінен.
.......................... ұлы деген,
Жұртымызға әйгілі бір есім ең!

Мінезіне дос еткен сабыр-ойды,
Бұл өмірде жігітсіз абыройлы.
Тойлап жатыр тойынды ағайының,
Бұл көрініс босатар тағы бойды.

*** *** *** ***

Қазақтың кең даласындай жүректі,
Барша жанға аппақ, таза тілекті.
Бір атаның би ағасы бұл ағам,
Жер бетіне қаншама әсем гүл екті.

Қайырымды қолын созған сан досқа,
Бұл адамға жыр жазбадым мен босқа.
Бұл ағама арналатын сөз басқа,
Бұл ағама айтылатын ән басқа!

Сізге біткен ой құнарлы, тіп нұрлы,
Өнегесін жас ұрпаққа білдірді.
Жібергендер қолтығынан Сіз демеп,
Алатауға ту қадап та үлгерді.

Әлдекімдер жоғалтса ұят, қиса арын,
Жолға салдың, түзеп мінін, қиқарын.
Тасқан жанның тасқамалын талқандап,
Мұңды жанның маңдайынан сипадың.

*** *** *** ***

 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (4)

Ракышева Гулназ Курмангаликызы

Оте керемет олендер мен жырлар Маган катты унады

Ракышева Гулназ Курмангаликызы

Ана туралы жыр

ЖАНАР ДҰҒАЛОВА

КЕРЕМЕТ СІЗСІЗБЕНЕ ЕРКЕ ӘПКЕ МЕНҒОЙ ЖАНАР МЫНАУ КЕРЕМЕТ ЕКЕН

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асыл аға туған күн құтты болсын! деген не?

Бұл бетте тақырыпқа қатысты негізгі түсіндірме, мазмұн және пайдалы деректер берілген. Материалды толық оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Асыл аға туған күн құтты болсын! туралы ақпаратты қайдан оқуға болады?

Бұл материал осы бетте толық жарияланған. Мұнда тақырыпқа қатысты мазмұн, түсіндірмелер және қосымша байланысты сілтемелер берілген.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Тілектер мен құттықтаулар жинағы бойынша басқа мақалалар аға бойынша мақалалар асыл аға бойынша мақалалар тілек бойынша мақалалар тілектер бойынша мақалалар