Өлең, жыр, ақындар

ШҚО мектеп оқушылары ең үздік StartUp жобаларын ұсынды

«Цифрлық Шығыс - 2019» IT-форумы аясында облыс мектептерінің оқушылары ШҚО әкімдігінің Инвестициялық орталығында SturtUp жобаларын қорғады. Қатысу үшін ең үздік 15 жоба таңдалды.

Балалардың жобаларын сараптамалық қазылар алқасы бағалады. Олардың қатарында облыс әкімі аппаратының, жоғары оқу орындарының және өңірдің IT-компанияларының өкілдері болды.

«Мұндай байқауларды ұйымдастыру біз үшін дәстүрге айналды. Бұл жерде 2019 жылғы IT-технологиялардың басты жұлдыздары жиналды. Өткен жылы SturtUp жобалар байқауына он оқушы қатысқан еді. Бұл жолы жобалар саны өсіп, бізді қуантуда. Болашағымыз үшін алаңдамасақ болады. Керемет ізбасарларымыз өсіп келеді», - деді облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Марина Гагарина.

Қатысушылардың жобалары алуан түрлі салаларды автоматтандыруға бағытталған. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және ауыл шаруашылығы салалары бар. Мысалы, мектеп оқушылары төніп тұрған су тасқынын ескертетін құрылғыны, «теңге алу» ойынының компьютерлік нұсқасын, интеллектуалдық көше жарығын, «Ақылды мектеп» жобасын және т.б. жүзеге асырғылары келетін қызықты идеяларын ұсынды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Аружан

Қазақстан тарихы 1 тоқсан 5сынып тжб

Назым

Басқа пікір жоқпа

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар