Өлең, жыр, ақындар

Өмір ағымы

Өмір -ай ,сен неткен ғажапсын .Ағып жатқан дариядайсың, сенің қарқыныңа ілесе алар емеспін.Әттең сәби болсам ғой шіркін,еш уайым қайғы жоқ,ата анама еркелеп, асыр салып ойнап жүргенге не жетсін, пах шіркін өмір- ай.Балалық шағымда тез есейсем деп армандаушы едім, ал қазір жылдар өз еншісін алуда, жасым 28-ден бір шықты.Аллаға шүкір аялы жар, аяулы ана атандым,бірақ ата анама деген сағыныштан жүрегім сыздап барады.Қыз қонақ  ,қыз жат жұрттық деп, атам қазақ дөп айтқан екен.Өмір- үлкен мектеп демекші әлі талай сабақтары бары хақ.Жақсысы да ,жаманы да болар ,бірақ  біз,бұл дүниеге адам болып келгенімізді ұмытпай, адам болып қалайық,әр арайлап атқан танға шүкір етіп ,қуанышқа бөленейік бұл қысқа өмірді бос өткізіп алмайық.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Көркем

сайысқа ма?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер