Аңламас құсбегі

Басты бет / Әңгімелер мен мақалалар / Аңламас құсбегі

Аңламас құсбегі — Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Аңламас құсбегі бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Аңламас құсбегі, аңшылық, балықшылығымен атағы Сыр бойы мен Қыр өңіріне кеңінен тараған. Бірде Қыр елінің бір атақты байы Аңламастың атағын есітіп, оны сынамаққа қасына бірнеше қосшылары мен шешен-билерін ертіп Сыр бойына келіпті дейді. Ол кезде Сырдария өзенінің екі беті жайылған су, қалың ну қамыс, тоғайы толған аң болған көрінеді. Қазіргі Тереңөзек ауданының «Тереңөзек», «Шіркейлі» және «Ильич» атындағы совхоздарына арналған өңір тұтасқан көл — «Далакөл», «Күміскөл» т.с.с. болыпты.

Бай келгенде Аңламас бір топ туыстарымен сол көлдер жағасын жайлап отырған екен. Бай:

— Аңламас, сенің балықшылық атағың Сырдан асып Қырға жетті. Қай балық қай жерде жайылатынын дәл біледі дейді. Сенің осы ісіңнің растығына көз жеткізе келдік. Бізге бір шабақ ұстап бер, — депті.

Бай Аңламас ұстап берген шабаққа қолындағы алтын жүзігін кигізіп, қолынан көлге жіберіп:

— Аңламас, келер жылы осы уақытта келеміз, сонда осы балықты ұстап бересің, — деп жүріп кетеді.

Айтқанындай, бай келесі жылы осындай уақытта келіп:

— Уәделі уақытта келіп тұрмыз, біздің былтырғы балығымызды тауып бер, — депті.

Аңламас салға мініп, қолына балық ұстайтын құралдарын алып көлге түсіп, біраз уақыттан кейін ұзындығы метрге жуық бір балықты ұстап әкеліп:

— Байеке, мынау сіздің былтырғы шабағыңыз, — деп алдына тастапты.

Бай өткен жылғы қарысқа толар-толмас шабақтың осыншалықты өскеніне және сол шабақтың өзі екеніне сенімсіздік жасап, қалтасынан  пышағын алып балықты сойып көрсе, баяғы алтын жүзік ішінен шығыпты. Бай Аңламастың ісіне риза болып, көп сый-сияпат беріп, қонақ болып еліне қайтыпты.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңламас құсбегі туралы не білуге болады?

Бұл бетте Аңламас құсбегі тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Әңгімелер мен мақалалар бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі басқа материалдар Аңламас тақырыбындағы материалдар құсбегі тақырыбындағы материалдар Құсбегілік тақырыбындағы материалдар балық тақырыбындағы материалдар жүзік тақырыбындағы материалдар