Құдайға шүкір, еліміз егемендігін алғалы етек-жеңімізді жиып, Исламға қатысты рухани дүниелерімізді түгендеудеміз. Исламды Елбасымыздың өзі бас болып: «Түбіміз Түрік, дініміз Ислам, кітабымыз Құран – Кәрімді насихаттауды естен шығармайық»-дейді...
Осы ретте аудан көлемінде дінімізбен ұлттық болмысымызға жат діни ағымдар ықпалынан қорғану және адамдардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында насихат жұмыстары кеңінен жүргізілуде.
Мәселен, «Қасымбек орта мектебі» КММ – нің төрінде Касымбек ауылық ішкі саясат бөлімі қызметкері Лаура Маханқызының ұйымдастыруымен өткен басқосу мен Жамбыл өлкесіндегі «Бәйдібек баба» мешітінің бас имамы Серік Жолдасбекұлы мен «Жамбыл орта мектебі» КММ-нің директоры Жанна Нұрбекқызы қолдауымен «Салтыңды сақта – дініңді сақта»- тақырыбындағы сүбелі кездесуге ҚМДБ - нің Жамбыл ауданы орталық «Шынасыл» мешітінің бас имамы Қалжан Әрібжанұлы мен бас имам көмекшісі Азат Тохтақұлұлы арнайы қатысты.
Кездесуде тәлімгер мен тәлім алушылардың арасындағы әдептілік ізгілік хақында ой толғанып, елді елең еткізген өзге дін өкілдерінің шырмауына шырмалып қалмау үшін діни сауаттылық қажеттілігі жайында баса айтылды.
Береке бірлік болған жерде мемлекеттің де іргесі беки түседі. Дәстүрлі дін мен теріс діни ағымдардың аражігін ажырата алмаудың соңы немен аяқталып жатқанын теледидардан, баспа беттерінен, ғаламтордан көріп жүрсіңдер. Сондықтанда, дін саласына қатысты сұрақтарыңыз болса, оның жауабын ғаламтордан іздемей, мешітке келіп имамға қойыңыздар. Шүкір, соңғы кезде дінге сенушілік ұстанымы көбейіп келеді. Асыл дініміз – Ислам діні әрбір адамды қашанда ауызбіршілікке, татулыққа уағыздайды, - дейді ҚМДБ нің Жамбыл ауданы орталық «Шынасыл» мешітінің бас имамы Исламханов Қалжан Әрібжанұлы.
Бұдан соң оқушылар қонаққа көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оған толымды жауап алды.
– Бүгін имаммен бетпе-бет кездесіп, біраз мағұлымат алдық. Расында да, дінімізді алдымен өзіміз құрмет тұтуымыз керек. Мен өз басым жұма күндері мешітке барып тұрамын. Өйткені, иманды болсақ, жат істерге аяқ баспасымыз анық. Үлкен кісілердің де «иманжүзді бала екен» дейтіні осы шығар дейді - Марат есімді оқушы.
Молдағалиев Ерхан Болатұлы
Алматы облысы Жамбыл ауданы
«Шынасыл» мешітінің ақпараттық тілшісі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі