Балалық өтті білдің бе,
Қарттық жасқа келдің де,- деп Абай өкініш білдірген балдай тәтті балалық шақ десеңші!?Қанбаған ойын, тарқамаған құмарлық алаңсыз еркелік... айта берсем таусылар емес. Біз - әлем балаларымыз. Әлемде қанша халық бар, сонша халықтың ұрпағы- балалары ғой. Бәрі-бәрінде бақытты балалық па, ойланып көрейікші... Мен бейбіт елде бақытты өмір сүріп өз қалауыммен білім алып, ата-анамның қамқорлығына бөленудемін. Не ішем, не кием деген қажеттілік жоқ. Мен- сондай бақытты баламын. Санам- сергек, ойым- ұшқыр, жан жағым- аман. Бұған артық не керек маған?!
Теледидарды қосып, шетел хабарларын тыңдасам немесе газет ақтарып оқып отырсам, неше түрлі оқиғаларды оқып ,жағамды ұстаймын. Соның көбі- балалар десем де болады. Өйткені мені өзім құралпы балалар өмірі, тағдыры қызықтырады ғой. Құлдықта ұсталған балалар, зорлық- зомбылыққа ұшыраған сәбилер, зиянды әрекетке бой алдырған балалар, тіпті панасыз қанғыбастар қаншама? Оларды көргенде, қатты қиналамын. Сәбилік күлкі алаңсыз бақытты балалық шақ қайда қалды деп?..
Әлемнің барлық балаларының тілегі- бейбітшілік. Қатыгез жандар оған да қаяу салды. Жазықсыз зардап шегіп, ата-аналарынан айырылғандарын естігенде, көкірегің қарс айырылады.Анау Беслан оқиғасы, ұшақ апатының құрбандары, қанды қақтығыс арасында құрбан болғандарды айтпай кетуге болмас.
Мен - әлемдегі ең бақытты баламын. Өзім сияқты балаларға да бақыт тілеймін. Аспан ашық, ата-анамыз аман, еліміз бейбіт өмір сүрсе екен деймін.
Біз- бақытты жаңа ғасыр ұланы.
Біз боламыз болашақтың қыраны.
Әрқашан да ашық болса аспаным,
Ойланайық, ертеңгі елдің бастауын.
Мен өзімді әлемдегі ең бақытты балалардың бірімін деп санаймын. Өзіме не тілесем, ата-анама, достарыма, әлем балаларына да соны тілеймін. Ғасыр дерті- нашақорлық, тажал оғы- ядролық қару, қантөгістер бізді, әлем балаларын айналып өтсе екен деймін.
Нашақорлық жасарып барады дейді, одан да жасара береді , егер үлкендер осы қасірет жолына тосқауыл қоймаса?! Менің сәби жүрегім сұмдықтан таза болғанын қалайды.Жер жүзінің барлық балаларының ортақ арманы жүзеге асса екен деймін. Қазақ елінің көгін жарқыратар айбынды ұлан болсам, ел тұтқасын ұстар азамат атансам деген бала қиял менің құрбыларымның көкірегінде арман боп ұялап жатқаны анық.Мен соған сенемін.
Нұрғабылова Гүлдана
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы
Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының
10- сынып оқушысы
Жетекшісі-Төлеуова Анар Қаражігітқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі