Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі де бірегейі Ілияс Жансүгіров. Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. І.Жансүгіровтың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер Ілияс-тек шебер айтушы ғана емес сонымен бірге көрген – білгенін, естігенін шебер жазып жеткіз білетін талантты жазушы.
Заман көрінісі мен өмір шындығын бейнелейтін жазушының алғашқы әңгімелерінің бірі «Күң өлімі».Әңгіменің негізгі идеясы қазақ әдебиетіндегі мәңгілік тақырып болған бақытсыз әйел образы.Жазушы бұл туынды арқылы асқан ана махаббатының құдіретін дәрменсіздік пен кедейліктің талқысына сала отырып оқырманға ой салады. Ол 1922 жылы жазылған. 1933 жылы Семейде шыққан «Толық жинағының» 2-томында, «Жол аузында» (1935) деген әңгімелер жинағында жарияланды. Сонымен бірге әңгіме қазақ әйелдерінің тұңғыш басылымы - «Жетісу әйелі» журналында жарияланған. Ілияс Алқаны өз көзімен көріп, әңгімелескендігі туралы дерек бар . /1965 жылғы «Жұлдыз» журналының№5 саны/
Алқа жайында былай деп жазады: «Алқа егде тартқан кісі еді, өңі сіріңке қара. Мінез орнында ерекше қуаныш минуты болмаса, қабағын ашып, ыржиып күлген емес.Бөтен қатындардай не болса соны сөйлеп, өсек- аяңға үйір болмай, тиісті кезекте ғана сөйлейтін. /Бұл қасиеті жөнінде әңгімеде де талай айтып өтеді/ Егер бір сөйлесе тізбегін әдемілеп, ұзақ-ұзақ сөйлеп кетуші еді. Сөзінің көбі өз басының мұңы болатын. Мұның атының Алқа екенін үйі аралас кісі білмесе, сырт кісі «Сандыбайдың күңі» дейтін.
Әңгіменің алғашқы бөлігінің Алқаның өмірін, күнделікті тіршілігін, бүлдіршін балаларын бейнелесе, екінші бөлігінде «Айлар өтті, жылдар өтті. Дүние дөңгелегі тоқтаусыз өзінің зырлауында. Жас өсіп, жарлы байып, кедей бай болып, бай кедей болып, тұрмыс жаңадан жаңаға айналып кетті...» деп, талай уақыт өтіп, Алқаның қартайып, балаларының бойжетіп, ер жетіп қалғанынан хабардар етеді.Өмір логикасы өзгермейді. Күң күң болып қалуы керек. Оның ел қатарлы тіршілік жасауы, өзімен-өзі өмір сүріп кетуі күңдікке жанаспайды. Ол сол Сандыбайдың есік алдында отымен кіріп, күлімен шығуы керек. Оның санасы соған әбден үйренген. Балалары да сол. Байдың айтқанынна шықпай орындау-олардың әке - шешесінен қалған әдет. Тіпті, Маржан - он үш жасында Сандыбайдың кіші тоқалының төркінінің жақыны Жапар тазға Жоңқабайдың ұйғарымымен ұзатылып кете бара жатып «мен бармаймын» деген бір ауыз сөз айту қаперіне кірмейді. Күң Алқа да үнсіз, ер жетіп қалған Қасен де үнсіз. Сандыбайға қарсы сөз айтуға «сүйектеріне таңба» түсердей қорқады. Қызынан түскен қалың мал да Сандыбайдың көп малының арасына қосылып жұтылып кетеді. Талай уақыт өтіп Алқа Маржаннын сағынады, барғысы келсе де, қызының кеткен жағын, барған елін білмейтін, сұрап ал алмайтын сорлы маңдай күң. Анда-санда көзінің жасын сорғалатып от басында ғана сағынып жылайды. Кеткеннен кейін Маржанын көрген жоқ. Алқаның өзінің көкірегінен шыққан баладан тірідей айырылғанын жазушы көңілге қонар бөліктер арқылы өте шебер бейнелеп берген. Жазушы Алқаның аянышты қалыңдаған үстіне қалыңдата түседі. Бұған өмірдегі реалистік жайды шынайы, көркем бейнелей отырып, Алқаның сүреңсіз, күңгірт өмірін кей тұста натуралдық деңгейде көрсетеді.
Соншалықты ұзақ уақыт аралығында орасан зор кеңістікті ала отырып, жазушыны ең алдымен ықшамдылық, мейлінше тұжырымды болу талаптарын көркемдік келісім, лаконизм заңдылықтарын ескерген. Талант күшін, дарын қуатын бейнелі образ, нақты сурет, картина арқылы көркем ой айтуға жұмсалған. «Сандыбайдың күңі» Алқаның бүкіл ғұмырын жиып-теріп шағын көлемге сыйғызу қанша күрделі болса, штрихты суреттеумен бейне жасауға күш салғанын жазу машығынан аңғарыладыКөркемдік әдіс ретінде локонизм дегеніміз – шығармада артық нәрсенің болмауы,шектелген сезім,ұстамдылық.Көркемдік белгілерді аз қолдану арқылы анықталады, ол көрерменді ассоциациялық және эстетикалық бейнені қабылдау кезіңде пайда болуы мүмкін қосымша ойлардан босатады, суретшінің ойын тура, дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, локонизмнің көп мөлшерде қолданылуы шындықтың бұзылуына әкеледі.
Қорытындылай келе «Күң өлімі» шығармасы сол кездегі күңдік өмірді, қарапайым кедей адамдардың өміріндегі көрген қорлығын ой ұшқырлығымен дәлдеп бейнелеген деп айтқым келеді.. Сол қоғамда өмір сүрген әйелдердің басындағы ауыр хал, қазақ ауылындағы ескіліктің етек алған түрлі көріністерін бейнелеу, сынау, әшкерелеу тенденциясы шағын көлемді прозасының арқауы болып отырады. «Күң өлімі» қазақ әйелдерінің аянышты, жалшылық, күңдік өмірі туралы жазылған, сюжеттік және композициялық тұтастықты сақтаған, тілі шұрайлы образдары дараланған шығармасының бірі десек,қателеспес едік. Әдебиеттегі әр тақырып әр кезеңде, әр авторда әр түрлі жеткізіледі бірақта маған ой салған дүние заманы надандыққа толы күштілер билеп,әлсіздер тапталған тым ауыр кезеңде де жүрегінен баласына деген ыстық сезімін аямай өзі бір ретте тойып тамақ жемесе де балаларым деп зар илеген өмірден озған АСЫЛ ананың ұрпағы бүгінгі қазақ анасы неге баласын жетімханалармен, дәретханаларда тастап кетіп жатыр?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі