Шыңғыстың баласы атқұмар Жақып төре Ақан аулына қайта-қайта келіп, Құлагерді сұрай беріпті. Ол тіпті мазалап болмаған соң Ақан:
— Ақындықпен Орынбайдың даңқы шықты. Аға сұлтандықпен әкеңнің даңқы шықты. Жүйріктікпен Құлагердің даңқы шықты. Осы сөзімді үлкен төреге айт. Содан соң Құлагерді ал, — депті.
Кіші төре қуанып күліп, әкесіне Ақанның сөзін айтады.
— Ой, ақылсыз балам-ай! Бұл Ақанның: «Құлагер мал да болса, аға сұлтан әкеңмен парапар» деген сөзі емес пе? Біреу әкеңді сұраса, берер ме едің? — депті Шыңғыс.
Осыдан кейін кіші төре Ақан аулының маңайына жоламайтын болыпты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі