Өлең, жыр, ақындар

Әлемнің қай елдері «сәтсіз мемлекеттер» деп танылды

Сәтсіз мемлекет (ағыл. Failed state) деп — мемлекеттік басқару және экономикасы өмірге қабілетсіз күйге келген мемлекеттерді атайды. Сонымен бірге «нәзік мемлекет» термині де қабылданды (ағылш. Fragile state), яғни сәтсіздікке душар болған мемлекет.

Мемлекеттердің әлсіздік индексі (Failed States Index) биліктің аумақтың тұтастығын, елдегі демографиялық, саяси және экономикалық жағдайын бақылау мүмкіндігін есепке алып шығарылады. «Fund for Peace» Америкалық зерттеу орталығының мәліметінше, 2019 жылы сәтсіз мемлекеттердің тізіміне 9 ел кіреді.

Ең нашар ахуал — 2009 жылдан бері аздаған үзілістермен азаматтық соғыс жүріп жатқан Йеменде. Үкімет әскерлері мен түрлі исламдық топтар арасындағы азаматтық соғыс он жылдан бері жалғасып келе жатқан Сомалидің де жағдайы жақсы емес. Сәтсіз мемлекеттер тізіміндегі басқа елдер — Оңтүстік Судан, Сирия, Конго Демократиялық Республикасы, Орталық Африка Республикасы (ОАР), Чад, Судан және Ауғанстан.

«Сәтсіздікке» ұшырау қаупі бар елдердің тізіміне Африка құрлығының көптеген мемлекеттері, сондай-ақ Гаити, Пәкістан, Ирак және Солтүстік Корея кіреді.

2019 жылы әлемдегі ең тұрақты мемлекет Финляндия болды. Одан әрі тұрақтылық рейтингінде Норвегия, Швейцария, Дания, Австралия, Исландия және Канада ең тұрақты мемлекеттер тізімінде тұр.

Керімсал Жұбатқанов тарих ғылымдарының кандидаты

Оқуға кеңес береміз:

Салық төленбейтін мемлекеттер

Әртүрлі мемлекеттерде әлем картасының көрінісі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер