Өлеңдер Бөлімі

Қомағайлық

Бір қомағай қонақта отырып тамақты өте көп ішіп-жепті. Үйіне келген соң, мешкей күпті болып ауырып қалыпты. Көршісі келіп:

— Саған не боп қалды? — деп сұрайды.

— Қонаққа барған едім. Асты көбірек жеп жіберсем керек, — дейді. Сонда көршісі:

— Ас біреудікі болғанмен, қарын өзіңдікі екенін ойламадың ба? — депті.


Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×