Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.
үй балалы болсын, балалар көп болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелетіп айту тұлғасы — Төкен.
тұнғыш бала өзінен кейінгі салалардың үлкені болсын деп қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Төлжан.
көне түркі тілінен - төре — тәртіп, ереже, заң; әдет, ғұрып, салт + бек. Біріккен тұлғалы есімдер — Төреғали, Төребай, Төрегелді, Төремұрат, Төретай, Төрехан.
бала шексіз бай, ауқатты, әлді болсын деген мақсатпен қойылған есім.
балаға ан атын қою дәстүрі ертеден бар. Батылдық пен айбаттылықты қаласа Арыстан, Қасқырбай, Борібай, ақылдылық пен айлакерлікті қаласа Түлкібай деп ат қойған.
бала көп жасасын, ұзақ өмір сүрсін деп қойылған есім. Дыбыстың өзгеру түрі — Тұрлыбек.
ертеде көшпелі тұрмыста ер-тұрманның маңызы аса зор болған. Сондықтан балаларға шеберлікті меңзеп осылайша ат қойып отырған.
ай сияқты мәңгі өмір сүрсін, өмір-жасы ұзақ болсын деп қойылған есім.
қыран құс. Бала қырандай өткір болсын деген мақсатпен қойылған есім.
тұяқ — уақ мал, қой-ешкі; ұрпақ, мұра. Бұл есім бала уақ малға бай болсын деп және әкесі елгеннен кейін туған балаға әкеден қалған ұрпак, мирас болсын деген мағынада қойылған.
араб тілінен — әкім, қожайын; үкімет басқарушы; туысқан, бауыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Уәлиахмет, Уәлиолла, Уәлихан.
араб тілінен алынған вәсилә — көмек, жәрдем; шыдамды, төзімді, күтуші.
Араб тілінен аударғандағы мағынасы - Алланың құлы, Құдайдың құлы деген сөз
көшіп-қону кезінде туған балаға қойылған есім. Түрлері — Көшербай, Көшімбай, Қонысбай.
араб тілінен алынған уммат — халық, көпшілік, қауым. Біріккен тұлғалы есімдер — Үмбетбай, Үмбетәлі, Үмбетжан.
араб тілінен - Гүлсімнің анасы, туысы; монтиған, томпиған бүйрек бет.
тәжік тілінен алынған хуррам — көңілді, шат; гүлденуші, жарқын, шат көңілді, жарқын жүзді. Біріккен тұлғалы есімдер — Үрімжан, Үрімхан.
араб тілінен алынған Хасан, Хасен есімдерінің өзгеріп айтылған түрі. Мағынасы — сұлулық, әдемілік, көркемдік, жақсылық.
бұл есім баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген мақсатпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жасұзақ, Өмірзақ, Байұзақ, Мыңжасар, Көпжасар.
бұл есімнің бірінші сыңарындағы уйық сөзі жерұйық деген сез тіркесінде ғана кездеседі. Мағынасы — жердің жақсысы, ең шұрайлысы + баи.
түркі тілдерінің көбінде бар есім. Бірақ әр түрлі мағынада айтылады. Ұлан — сәби, бала; жауынгер, жігіт, азамат, жасақшы.
ұл баласы аз немесе жоқ ата-ана қызына осылай ат беріп отырған. Синонимдері — Ұлбике, Ұлбибі, Ұлғанай, Ұлтай, Ұлдай, Ұлдыш, т. б.
қазақ— жапырақтап мамыр айында жауған жұмсақ, аппақ ақ қар. Пәктіктің, ақтықтың, тазалыктық символы.
араб тілінен алынған — аса қадірлі, құрметті қыз (әйел); сый, құрметке лайық, тамаша кісі. Өзгерген түрі — Бәзила.
араб тілінен — емшек сүтінен айырған қыз, ер жетіп, өскен қыз. Өзгерген түрі — Батима.
араб тілінен - әкім етуші, әмірші; данышпан, дана, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер – Хакимжан, Хакімзада.
ер баланың мықты, күшті, атақты болуын тілеп қойылған есім. Қысқартып-еркелете айтылатын түрі — Қаныш.
араб тілінен — кішкене, көркем, сұлу. Хасан есімінің араб тіліндегі кішірейткіш мән бере айтқан түрі.
Бұл бетте толық тізім берілген.
Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі