Қазақша есімдер және олардың мағынасы

Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.


Теңізбай

байлығы теңіздей шалқыған даулетті адам.


Есімге сілтеме: Теңізбай

Тоғызбай

бұл есімнің де қойылу сыры сол Тоғызақпен тығыз байланысты.


Есімге сілтеме: Тоғызбай

Тойбала

той күні туған қыз бала.


Есімге сілтеме: Тойбала

Тоқсанбай

тоқсан + бай; бұл есім бала тоқсан жасқа келсін деген тілекпен бірге оның әкесі тоқсан жасқа келгенде туғандықтан да қойылған.


Есімге сілтеме: Тоқсанбай

Тоқтыбай

ертеректе тоқты айы деген ай аты болған. Ол қазіргі наурыз айына сәйкес келген. Мұндай есім сол айда туылған балаға беріліп отырған.


Есімге сілтеме: Тоқтыбай

Толыбек

үй тола бала боп, олар шетінен бек, әкім болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Толыбек

Торымбала

көне түркі торым — бота, ботақан + бала.


Есімге сілтеме: Торымбала

Төбей

үлкен, зор.


Есімге сілтеме: Төбей

Төлбай

үй балалы болсын, балалар көп болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелетіп айту тұлғасы — Төкен.


Есімге сілтеме: Төлбай

Төлебай

бұл есім өлген баладан кейінгі туған балаға қойылған.


Есімге сілтеме: Төлебай

Төребек

көне түркі тілінен - төре — тәртіп, ереже, заң; әдет, ғұрып, салт + бек. Біріккен тұлғалы есімдер — Төреғали, Төребай, Төрегелді, Төремұрат, Төретай, Төрехан.


Есімге сілтеме: Төребек

Туғанбай

туған + бай. Бай болып туған.


Есімге сілтеме: Туғанбай

Түгелбай

бала шексіз бай, ауқатты, әлді болсын деген мақсатпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Түгелбай

Түлкібай

балаға ан атын қою дәстүрі ертеден бар. Батылдық пен айбаттылықты қаласа Арыстан, Қасқырбай, Борібай, ақылдылық пен айлакерлікті қаласа Түлкібай деп ат қойған.


Есімге сілтеме: Түлкібай

Түргенбай

түһген — жылдам, тез + бай.


Есімге сілтеме: Түргенбай

Тұрғанбек

(қараңыз: Бектұрған).


Есімге сілтеме: Тұрғанбек

Тұрдыбек

бала көп жасасын, ұзақ өмір сүрсін деп қойылған есім. Дыбыстың өзгеру түрі — Тұрлыбек.


Есімге сілтеме: Тұрдыбек

Тұрсынбай

яғни көп, ұзақ жасасын.


Есімге сілтеме: Тұрсынбай

Тұрсынбек

яғни өмірі берік болсын.


Есімге сілтеме: Тұрсынбек

Тұяқбай

тұяқ — уақ мал, қой-ешкі; ұрпақ, мұра. Бұл есім бала уақ малға бай болсын деп және әкесі елгеннен кейін туған балаға әкеден қалған ұрпак, мирас болсын деген мағынада қойылған.


Есімге сілтеме: Тұяқбай

Тыныштықбек

(қараңыз: Бейбітбек).


Есімге сілтеме: Тыныштықбек

Убайдулла

Араб тілінен аударғандағы мағынасы - Алланың құлы, Құдайдың құлы деген сөз


Есімге сілтеме: Убайдулла

Үдербай

көшіп-қону кезінде туған балаға қойылған есім. Түрлері — Көшербай, Көшімбай, Қонысбай.


Есімге сілтеме: Үдербай

Үлгібай

бала өнегелі, тәрбиелі болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Үлгібай

Үмбет

араб тілінен алынған уммат — халық, көпшілік, қауым. Біріккен тұлғалы есімдер — Үмбетбай, Үмбетәлі, Үмбетжан.


Есімге сілтеме: Үмбет

Үрімбай

тәжік тілінен алынған хуррам — көңілді, шат; гүлденуші, жарқын, шат көңілді, жарқын жүзді. Біріккен тұлғалы есімдер — Үрімжан, Үрімхан.


Есімге сілтеме: Үрімбай

Ұйықбай

бұл есімнің бірінші сыңарындағы уйық сөзі жерұйық деген сез тіркесінде ғана кездеседі. Мағынасы — жердің жақсысы, ең шұрайлысы + баи.


Есімге сілтеме: Ұйықбай

Ұлбала

қыздан кейінгілері ер бала болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ұлбала

Ұлықбек

ұлы, зор + бек.


Есімге сілтеме: Ұлықбек

Хабиб

араб тілінен - жан дос, сүйікті, сүйкімді жолдас.


Есімге сілтеме: Хабиб

Хабиба

араб тілінен — жан дос, сүйікті, сүйкімді қыз, әйел. Түрі — Қабиба.


Есімге сілтеме: Хабиба

Шабай

араб тілінен — жас жігіт, бозбала.


Есімге сілтеме: Шабай

Шабдан

тәжік тілінен човидна — мәңгі, бақи; мәңгілік, ажалсыз.


Есімге сілтеме: Шабдан

Шажабек

көне қазақ сөзі шажа — таудың басы, шың + бек.


Есімге сілтеме: Шажабек

Шайбан

(қараңыз: Сыбанқұл). Түрлері — Шайбани, Шибен.


Есімге сілтеме: Шайбан

Шамбыл

ащы дәмді өсімдік.


Есімге сілтеме: Шамбыл

Шарбану

иран тілінен алынған шахр + бану — ханым, қала бастығы, әкімі; қаланың сұлу бикештері.


Есімге сілтеме: Шарбану

Шарықбек

араб тілінен алынған шарқ — шығыс, күн шығыс + қазақ сөзі бек; яғни шығыс елінің бегі, биі.


Есімге сілтеме: Шарықбек

Шахарбай

араб және қазақ тілдерінен алынған - қалада, бай мекенде тұрсын деп койылған есім.


Есімге сілтеме: Шахарбай

Шахмұхамбет

иран тілінен алынған шах + Мухамбет. Еркелете қысқартып айту түрі — Шахмет.


Есімге сілтеме: Шахмұхамбет

Шашубай

қазақ тілінен алынған қолы ашық жомарт, мырза болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Шашубай

Шәрбат

араб тілінен алынған — жеміс шырыны, суы.


Есімге сілтеме: Шәрбат

Шегебай

баланын денсаулыры шегедей берік, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелете қысқартып айту түрі — Шеген.


Есімге сілтеме: Шегебай

Шермұхамбет

иран тілінен алынған шер - арыстан + Мұхамбет, яғни арыстан Мұхамбет.


Есімге сілтеме: Шермұхамбет

Шерубай

көне түркі тілінен шері немесе алтай тілінен черу - әскер. Шеру кезінде, жорықта туған балаға қойған есім.


Есімге сілтеме: Шерубай

Шілдебай

иран тілінен алынған чеһел, нел — қырык + да жұрнақ. Қырық күндік, 25 маусымнын 5 тамызға дейін, яғни 40 күнге созылатын ыстық маусым + бай.


Есімге сілтеме: Шілдебай

Шолпанбай

бала таңғы жарық жұлдыз шолпандай болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Шолпанбай

Шомбал

зор, ірі, жуан.


Есімге сілтеме: Шомбал

Шортанбай

шортан балығы атынан қойылған есім. Бала суда еркін жүзғен балықтай өмірде де еркін болсын деп қойылған.


Есімге сілтеме: Шортанбай

Шырақбек

иран тілінен алынған ширақ — жарық, шам + бек.


Есімге сілтеме: Шырақбек

Ыбырай

көне еврей тілінен келген Абраам — ел атасы. Оның халық арасында Ибрагим, Ыбрайым, Ибраим, Ыбыраш тәрізді түрлері кездеседі.


Есімге сілтеме: Ыбырай

Ырысбала

бақытты, ырысты қыз бала. Синонимдері — Ырысжан, Ырысқан, Ырысқалым.


Есімге сілтеме: Ырысбала

Ырысбек

бақытты бек.


Есімге сілтеме: Ырысбек

Ыстамбақы

иран тілінен алынған ыстам — тұрған, өлмес + бақы — мәңгі, өмірлік. Мәңгі өлмес.


Есімге сілтеме: Ыстамбақы

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақша есімдерді қайдан табуға болады?

Бұл бетте толық тізім берілген.

Есімдердің мағынасы бар ма?

Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.