Мәмбет Қойгелдиев

Мәмбет Қойгелдиев туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.

Автор туралы

Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев (18 тамыз 1946 жылы туған, Төле би ауылы, Шу ауданы, Жамбыл облысы) – ғалым, тарих ғылымының докторы (1994), профессор (1995), белгілі алаштанушы.

Бішкектегі Қырғыз мемлекеттік университетін бітірген (1968).
1971 – 2002 жылы ҚазҰУ-де, Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтында, ғылыми-педогогикалық жұмыстармен айналысты.
2002 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының Тарих және этнология институтының директоры.
20 ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметін зерттеумен шұғылданады. Тарих ғылымында Алаш қозғалысы тарихына жаңа көзқарас қалыптастырды. Сондай-ақ орта ғасырдағы қазақ ғұламасы, тарихшы Қадырғали Қосымұлының “Жылнамалар жинағы” ортағасырлық тарихи жазба дәстүрі негізінде өмірге келген құнды еңбек екендігін ғыл. тұрғыда негіздеді.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Нақыл сөздері