Өлең, жыр, ақындар

Бейсенбай Кенжебаев

Бейсенбай Кенжебаев (04.10.1904, Бөген ауылы, Ордабасы ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы – 17.07.1987, Алматы қаласы) – ғалым, филология ғылымының докторы (1959), профессор (1961).

Еңбектері

«Көне әдебиет туралы» (1969),
«Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (1973) атты еңбектерін жазды.
«Қазақ әдебиеті тарихы» (1948) кітабының фольклорға қатысты тарауларын жазып,
«Жамбыл Жабаев – қазақ халқының жыршысы» (1955),
«Біржан сал мен Сараның айтысқаны» (1955), т.б. зерттеулерін жариялады.
«Тымпи» (1943, 1981),
«Көңіл ашар» (1971) сатиралық фольклор мұраларын бастырды.

Кенжебаев – көркем проза («Асау жүрек», 1928) және аударма саласында да (Г.Мопассан, Э.Хемингуэй, Лу Синь, Я.Гашек, А.П.Чехов, т.б. жазушылардың әңгімелері) еңбек етті. А.С.Пушкин шығармаларының қазақша библиографиялық көрсеткішін (М.М.Фетисовпен бірге) жасады. Бірнеше орденмен және медальдармен марапатталған.


Нақыл сөздері

Ақымақ адам қателессе, оны біреуге аударуға тырысады.
Ақылды адам қателессе, оны өзі түзей бастайды.

Ілмектер: Адам, нақыл, адамгершілік Бейсенбай Кенжебаев

Қарап көріңіз