Өлең, жыр, ақындар

Иван Бунин

Бунин Иван Алексеевич (22.10.1870, Ресей, Воронеж — 8.11.1953, Франция, Париж) — орыс жазушысы. Нобель сыйлығының лауреаты (1933). Буниннің арғы тегі — Ресейге 15 ғасырда қызмет бабымен келген Литва ақсүйектерінен. Бунин әдеби қауымға 1887 жылы жарыққа шыққан алғашқы көркем дүниелерімен-ақ таныла бастаған. “Күзгі жапырақтар” жинағы үшін 1901 жылы Ресей Ғылым академиясының А.С. Пушкин атындағы сыйлығын алды.


Қарап көріңіз