Өлең, жыр, ақындар

Думан Рамазан

1967 жылы 1 тамызда Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданына қарасты «Қызылту» кеңшарында дүниеге келген.

1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді. Сол жылы республикалық «Халық кеңесі» газетіне қызметке орналасып, тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық Балалар және жасөспірімдер театрында Әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. Қазір Қазақстан Саяси зерттеулер орталығының Бас директоры. 2001 жылы «Елорда» баспасынан «Көкжал» атты прозалық кітабы жарық көрген. «Хан Кененің қазасы», «Алланың өмірі» сияқты прозалық кітаптардың, тарихи, әдеби зерттеулердің авторы. Көркем әңгімелері мен хикаяттары республикалық басылымдарда жиі жарияланып жүр. «Кенесары» атты деректі фильмнің сценарийін жазып, кеңесші ретінде оны түсіруге белсене атсалысқан.

Қазақстан Жастар одағы мен Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының иегері. Кенесары хан атындағы республикалық әдеби конкурстың бас жүлдегері. 2005 жылы Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Президентінің алғыс хатымен марапатталған.


Қарап көріңіз