Корейская косметика премиум класса

Артур Шопенгауэр

Шопенгауэр Артур (22 ақпан 1788, Гданьск — 21 қыркүйек 1860, Майндағы Франкфурт) — неміс философы, идеалистік бағыттың өкілі. Негізгі шығармасы “Ерік және түсінік ретіндегі әлем”. Шопенгауэр диалектика мен тарихилыққа, әсіресе, Гегельдің панлогизміне қарсы шығып, И. Кантқа бет бұрып, кантшылдықты платонизммен және волюнтаризммен ұштастырды. Шопенгауэр философиясының негізгі арқауы, жан-жақты бастама принципі — ерік. Ол үшін ерік — абсолютті бастама, бүкіл дүниедегі бар заттар мен құбылыстардың түп-тамыры, қайнар көзі мен түп негізі. Шопенгауэр шынайы философия материалистердің іліміндегі объектіден немесе идеалистердің іліміндегі субъектіден басталмайды, сананың алғашқы сатысы түсініктен басталуға тиіс дейді. Шопенгауэр ілімінде “дәйекті негіз заңы” объектінің формасы болады және ол болмыс заңы (кеңістік пен уақыт), себептілік заңы (материалдық дүние), логиканынң негіз заңы (ғылыми таным) және мотивация заңы (адамның әрекетке ынталануы) болып төрт түрде көрініс табады. Шопенгауэр философиясы өз заманында ескерілмей тек 20 ғасырдың орта кезінде таралып, иррационализмнің дамуына әсер етті.


Нақыл сөздері

Айнаға басқа адамның көзімен қарау мүмкін емес. Адамның өздік санасы ондайда «анау тұрған басқа адам емес, менің Менім» дегенді күбірлеуден жалықпайды.

Ілмектер: айна, қарау, көз, сана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Біздің денеміздегі кейбір мүшелер миымыздан да ақылды.

Ілмектер: дене, мүше, ақыл, ми, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Ақыл кейде ерікті жетелегендей көрінеді, бірақ ол бәрібір қожайынның барғысы келген жеріне жол бастаушы ғана бола алады. Ерік дегеніміз көзі өткір ақсақты арқалап алып жол басатын құдіретті де, қуатты соқырға ұқсайды.

Ілмектер: ақыл, ерік, құдірет, соқыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Адам жалғыздықта ғана өзіне қайтады, жан дүниесіндегі бар байлығы өзіне ашылады. Ондайда, әдемі киіміне қарамастан тоғышардың бейшара көңілі өксік атады, ал есіл адамдар иен қағырда жүрсе де құлазуға ұшырамайды.

Ілмектер: жалғыздық, жан дүние, байлық, әдемі, киім, көңіл, өксік, құлазу Артур Шопенгауэр

Бір адамның өз әзірлігі қанша толық болса, басқаларға жалынуы сонша азаяды, айналасына арқа сүйемейді, әлдекімге тәуелді болмайды. Сондықтан парасаты асқан адам ешқашан жұртқа ұнамайды.

Ілмектер: парасат, арқа сүйеу, тәуелділік, жалыну, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Тек кітаптан алатын білім болады, ол бейне жасанды аяққа, балауыз мұрынға, жапсырған теріге ұқсайды. Ал, дербес ой жүгірту арқылы алған білім біздің табиғи екі аяғымыз секілді, тек сол ғана шындап өзіміздікі.

Ілмектер: кітап, білім, бейне, аяқ, мұрын, балауыз, тері, ой, дербес, табиғи, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Адамның ақымақтығы өз денсаулығына әлдебір сыртқы нәрселерді айырбастап алуы.

Ілмектер: адам, денсаулық, ақымақтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Адам қашанда жаратылыс көрсеткен тәжірибе үлгісі бойынша өмір сүреді.

Ілмектер: жаратылыс, тәжірибе, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нақыл Артур Шопенгауэр

Кітапты тым көп оқыған сайын мида қалатын нәрселер азаяды. Кітапты ойланбай оқи беру миды шимай-шатпақ жазылған қара тақтаға айналдыру деген сөз.

Ілмектер: кітап, мый, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Жеке адам иен аралдағы Робинзон Крузо секілді дәрменсіз. Тек басқалармен бірлескенде ғана үлкен істерді тындыра алады.

Ілмектер: адам, дәрмен, іс, бірлесу, тындыру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Күнделікті өмірде кездесетін мағынасыз дөрекілік пен зіл тұншығыс және нәпсінің қайталанбалы ажырғысы адамды көркемөнер мен философияға талпындырады.

Ілмектер: өмір, дөрекілік, нәпсі, көркемөнер, философия Артур Шопенгауэр

Адамның бет келбеті оның аузына қарағанда әлдеқайда көп шындықты айтады. Маңыздысы, ауыз адамның идеясын айтса, бет пішіні оның идеясының мән-мағынасын айтады.

Ілмектер: адам, келбет, идея, ауыз, шындық, бет, пішін, мән, мағына Артур Шопенгауэр

Тіршілік қашанда бір түрлі тіл арқылы бізге мәлім ақиқатты ұсынады. Егер біз оны басқаша қабылдасақ, онда біздің өмір сүруіміз қауіпке ұшырайды.

Ілмектер: тіршілк, ақиқат, тіл, өмір, қауіп Артур Шопенгауэр

Адамның адамға жамандығында басқа себеп жоқ, бәрі де қара ниет, жаман ойдан туады және барлық тіршілік арасында тек адам ғана себепсіз жамандық жасайтын, ерекше болмыс.

Ілмектер: жамандық, ниет, ой, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Өмір енді бір мағынада шыраққа ұқсайды: оған жақындаған сайын оны көру қиын. Өмір сұлулығын танығымыз келсе алысырақ тұрып күзетейік.

Ілмектер: өмір, мағына, шырақ, көру, жақындау, сұлулық Артур Шопенгауэр

Байлық теңіз суы секілді, ішкен сайын шөлдейсің. Атақ-даңық та сондай нәрсе.

Ілмектер: байлық, теңіз, су, атақ, даңқ, шөлдеу Артур Шопенгауэр

Қартайғандағы ең зор бақыт — өзінің бүкіл жастық жігерін ұлы іске арнағанын еске алу.

Ілмектер: қарттық, бақыт, нақыл, қанатты сөздер, афоризм, жігер, ұлы іс, еске алу Артур Шопенгауэр

Ойлау мен сөйлеудің арасында біраз қашықтық бар.

Ілмектер: ойлау, ой, сөз, сөйлеу, қашықтық, нақыл, афоризм Артур Шопенгауэр

Топас-тоғышар байып кетсе адамдық қасиеті одан сайын кемиді.

Ілмектер: байлық, адам, қасиет, кему, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Ұсақ адамдар ұлылардың кемшілігі мен қателігіне қуанады.

Ілмектер: ұлы, адам, кемшілік, қателік, қуану, ұсақ Артур Шопенгауэр


×