Есенәлі Ералы
Ералы Есенәлі — 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында туған. 1979 жылы әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік құпияларды баспасөз бетінде сақтау жөніндегі бас басқармасы (Главлит), «Алматы ақшамы» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, Қазақ радиосында редактор болып қызмет істеген.
Әр жылдары «Арман қанатында», «Халық емінің құдіреті», «Тұлға», тағы басқа ұжымдық жинақтарға шығармалары енген. «Нарық мінезді адамдар», «Құрымбай аңшының хикаялары», «Құлыншақтың арманы», «Көк есек тау көтере ала ма?» атты көркем әңгімелер жинақтарының және «Исатай – Махамбет» атты екі сериялы көркем фильм-эпопеясының әдеби сценарийінің авторы.
Қазақстан Журналистер одағының Құрманбек Сағындықов атындағы және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтарының лауреаты.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі