Таупық Рымжанов
Таупық Рымжанов — 1937 жылы 21 шілдеде қазіргі Шығыс Қазақстан облысына қарасты Абыралы ауданының Дегелең ауылында туған. 1962 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, Аягөз, Жаңасемей аудандарындағы орта мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор болған. 1976 жылдан зейнетке шыққанға дейін Петропавловка селосындағы орта мектепте ұстаздық қызмет еткен. «Өткелдер» атты тұңғыш әңгімесі 1965 жылы облыстық «Семей таңы» газетінде жарық көрді. Балалар әдебиеті саласында өнімді еңбек еткен.
«Құбажон», «Зәйтүнқарлығаштың ерлігі», «Өлместің жұлдызы», «Алтын ара», «Жалықпас шежіресі», «Гүл ағашы», «Көкше», «Жәки-Жамал және шайтандар» сынды балғын оқырмандар мен сыншылар тарапынан жоғары бағаланған бірқатар кітаптардың авторы. Өмірден өтерінің алдында 3 томдық шығармалар жинағы жарық көрген.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі