Өлең, жыр, ақындар

Құрманбай Толыбаев

Құрманбай Толыбаев (1926–2004) — 14 сәуірде Алматы облысындағы Асы жайлауында туған. Құлжа қаласында ұйғыр мектебін бітіріп, сондағы қазақ мектебінде мұғалім болады. 1948 жылдан бастап Құлжа, Үрімші қалаларында қазақ тілінде шығып тұратын газет-журналдарда жұмыс істеген. 1955 жылы тамыз айында атамекеніне оралып, Алматыда баспаханада, баспада корректорлық қызмет істейді. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1963–1996 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Балдырған» журналының қызметкері, республикалық «Шалқар» газеті редакторының орынбасары болған.

1958 жылы «Достық даусы», 1961 жылы «Жырға сапар», 1964 жылы «Жас дәурен» жинақтарында өлеңдері, «Бел-белестер» дастаны жарияланды. Сондай-ақ ол «Алтын сандық» (1984, М.Әлімбаевпен бірлесіп), «Бозінген» (1985) деген атпен қазақ ертегі-аңыздарын құрастырушы және дәстүрлі «Жыл – он екі ай» күнпарағын шығарып келді. Қаламгер шығармалары мектеп оқулықтарына енген.

Шығармалары: Ай күледі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Қайдасың, досым? Повесть. А., «Жазушы», 1970; Шынар. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1976; Шырын. Әңгімелер мен ертегілер. А., «Жазушы», 1974; Өжеттер. Повесть және ертегілер. А., «Жалын», 1977; Балбөбек. Өлеңдер, ертегілер. А., «Жалын», 1979; Күн бөбегі. Ертегілер. А., «Жалын», 1981; Шапақ. Әңгімелер, ертегілер. А., «Жалын» 1984; Алматым менің. Деректі әңгімелер. А., «Жалын», 1985; Смельчаки. Рассказы, повесть. А., «Жалын», 1986; Тамшылар. Әңгімелер мен новеллалар. А., «Жалын», 1987; Айдың жүзі дөңгелек. Әңгімелер, повесть, ертегілер. А., «Жалын», 1989; Нар идірген. Күй аңыздары. А., «Өнер», 1993; Әсет. Роман-новелла. А., «Өнер», 1995; Қаныш Сәтбаевтың балалық шағы. Әңгімелер. А., «Балауса», 1999; Бабадан қалған бар байлық. Этнографиялық-танымдық әңгімелер. А., «Қазақстан», 2000; Сырлы әлем. Ертегілер, мысалдар, аңыздар. Астана. «Елорда», 2001.


Қарап көріңіз