Әлсейіт Ақпанбетұлы — мақалалары, өмірбаяны және шығармалар жинағы

Әлсейіт Ақпанбетұлы мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.

Бұл автор бетінде Әлсейіт Ақпанбетұлы шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.

Автор туралы

Әлсейіт Ақпанбетұлы — 1943 жылы 22 шілдеде Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. 1959–1962 жж. кеңшарда, құрылыс басқармасында істеген. 1966 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген. 1966–1973 жж. Сырдария ауданындағы орта мектептерде мұғалім, аудандық оқу бөлімінде әдіскер, 1973–1977 жж. «Мектеп» баспасында редактор, 1977–1981 жж.

Қазақ КСР Оқу министрлігінде инспектор, Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымизерттеу институтында ғылыми қызметкер, 1981–1990 жж. Қазақ радиосының әдебидрамалық хабарлар Бас редакциясында редактор болып жұмыс істеген.

Алғашқы өлеңдері 1964–1965 жж. өлкелік «Оңтүстік Қазақстан», облыстық «Ленин жолы» газеттерінде жарияланды.

Шығармалары: Тұңғыш кітап. Поэма және өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Бал дәмі. Өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Нұр жауған күн. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Той үстінде. Әңгімелер. А., «Жалын», 1988; Қатын қашқан. Әңгімелер, хикаялар, ертегілер. А., «Жалын», 1994; Өтеді күндер. Өлеңдер. А., «Арыс», 2006; Сыңар аққу. Әңгімелер, хикаялар, пьесалар. «Фолиант», 2008.