Өлең, жыр, ақындар

Темірақын Жақып

Темірақын Жақып — 1952 жылы 20 мамырда Қытай Халық Республикасының Сүйдін қаласында туған. 1973 жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогика институтының филология факультетін тамамдаған. Институт жолдамасымен Алматы облысының Үйғыр ауданына қарасты Шарын орыс-қазақ-ұйгыр орта мектебіне мұғалімдік жұмысқа орналасқан.

Әр жылдары газет-журнал редакцияларында корректор, редактор, бөлім меңгерушісі, аудармашы, жауапты хатшы, бас редактор болып қызмет еткен. «Қазақпарат» баспа корпорациясында редактор, «Қазақстан» ұлттық телеарнасында аударма және дубляж бөлімінде қызмет атқарған.


Қарап көріңіз