Гүлзат Шойбекова — мақалалары, өмірбаяны және шығармалар жинағы

Гүлзат Шойбекова мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.

Бұл автор бетінде Гүлзат Шойбекова шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.

Автор туралы

Гүлзат Шойбекова — 1967 жылы 4 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылында туған. 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ мақалалары мен әңгімелері республикалық, аудандық газеттерде жарияланып тұрған.

1991–1993 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Алатау» теледидарында, «Жаңа ғасыр» студиясында (бұрынғы «Қазақтелефильм») еңбек еткен. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанындағы «Аманат» студиясында редактор, «Қазақстан» телеарнасында редактор болып қызмет атқарған. 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен «Тоты аралының тұрғыны», 2008 жылы «Өмір сүру ережесі» атты проза жинағы жарық көрген. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002).