Қанат Әбілқайыр — мақалалары, өмірбаяны және шығармалар жинағы

Қанат Әбілқайыр мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.

Бұл автор бетінде Қанат Әбілқайыр шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.

Автор туралы

Қанат Әбілқайыр — 1986 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы Сүмбе ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейін, 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмәмдаған. Халықаралық «Қазақстан ZAMAN», республикалық «Ана тілі», «Жас қазақ» секілді бірқатар басылымдарда қызмет істеген. 2011 жылы «Жалын» баспасынан «Текес теріс ағады» атты прозалық кітабы жарық көрген. 2014 жылы өткен халықаралық «Дарабоз» бәйгесінде «Көршінің қызы» атты хикаяты бірінші орынды иеленді.