Қайнекей Жармағамбетов — мақалалары, өмірбаяны және шығармалар жинағы

Қайнекей Жармағамбетов мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.

Бұл автор бетінде Қайнекей Жармағамбетов шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.

Автор туралы

Қайнекей Жармағанбетов (1918–1974) — 25 тамызда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Шилі ауылында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тіләдебиет факультетін (1941), аспирантурасын (1949) бітірген. Қазақстан Компартиясы ОКнде нұсқаушы, Қазақстан ЛКЖО ОКнде хатшы (1941–1948), Абай атындағы АлМУде аға оқытушы, доцент, директордың орынбасары (1948–1958), «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз»), «Ара» – «Шмель» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында жауапты хатшы, әдеби кеңесші (1958–1964).

1964 жылдан шығармашылық жұмыста болды.

Алғашқы жинағы «Заман біздікі» деген атпен (1950) шықты. Өлеңдері мен балладалары «Адам туралы аңыз» (1951), «Мұғалима туралы баллада» (1957), «Балладалар» (1962), «Соңғы күн» (1967), «Сырлы тал»(1971), «Шыңдағы шамшырақ» (1976) атты жинақтарына енді. Әнші Ә. Қашаубаев жайлы «Әнші азамат» повесін (1951), А.М.Горький, С.Мұқанов, Ж.Жабаев, М.Әуезов, Б.Майлин шығармашылығы туралы монографиялық еңбектер жазды. Прозалық туындылары «Азамат жолы» деген атпен (1983) басылып шықты.

И.Шиллер, А.Мицкевич, М.Лермонтов, А.Барто, т.б. өлеңдерін Б.Ершовтың «Тұлпартай, сұңқартай» ертегісін, И.С.Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романын аударды.

«Құрмет Белгісі» орденімен үш рет және медальдармен марапатталған.