Зәкария Исағұлов

Зәкария Исағұлов туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.

Автор туралы

Зәкария Исағұлов (1939 ж. т., Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылы) — журналист. ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген. 1966 – 77 ж. Маңғыстау ауданы «Жаңа өмір», облысы «Коммунистік жол» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Бейнеу ауданы мен Жаңаөзен қаласында меншікті тілші қызметтерін атқарған. Жаңаөзен қаласы жайлы жазылған кітап авторларының бірі. Аймақтағы белгілі адамдарының өмірін, қызметін баяндайтын «Маңғыстау малшылары», «Маңғыстау мұнайшылары» деп аталатын жинақтарға көркем очерктері енді. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Юбилейлік «Астана», «Өзен кен орнының 40 жылдығы» медальдарымен марапатталған.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Туындылары