Өлең, жыр, ақындар

Әбілқайыр Спан

Әбілқайыр Бақытұлы Спан (1949 жылы туған, Маңғыстау ауданы Жармыш ауылы) — журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі. ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1979). Еңбек жолын Өзенде мұнайшылықтан бастаған. ауданы, облысы, республикалық газеттерде, теледидарда, Қазақпарат агенттігінде қызмет жасаған. «Маңғыстау» энциклопедиясы 1-басылымының алқа мүшесі және авторларының бірі. Көбіне өлкенің әдебиеті мен өнерінің тарихы тақырыбын көтерген, жүздеген саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімін жаңғыртып, ақтауға ат салысқан қаламгер. Қазақ және орыс тілдерінде шыққан 31 кітаптың авторы. С. «Тамаша адамдар өмірі» үлгісімен «Маңғыстау мақтаныштары» сериясын бастап, «Аңшы Нұр», «Нұрлыхан Бекбосынов», «Қайролла Ережепов», т.б. 10 кітаптарының авторы. Ол В.Д. Вольховскийдің өмірі мен қызметін зерттеу арқылы Пушкинтануға жаңалық қосты. Махамбеттің Маңғыстауға қатысты өмір деректерін зерттеді. Махамбет сыйлығының (2003) иегері. «Жыл адамы» (2003) аталды.


Қарап көріңіз