Қамысбай Мырзағалиев

Қамысбай Мырзағалиев туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.

Автор туралы

Қамысбай Мырзағалиев (1925, Атырау қаласы). Теңгекен орнын тұңғыш ашушы (1984). Гурьев мұнай техникумын (1944), Мәскеу мұнай институтын (1952) бітірген. 1945-1947 жылдары - Қосшағыл МКБ-ның техник операторы. 1952-1957 жылдары - Мұнайлы МКБ-ның бұрғылау шебері, бұрғылау цехының бастығы. 1957-1963 жылдары - Маңғыстау геология іздестіру мұнай экспедициясының бастығы. 1963-1966 жылдары - «ММГБ» тресінің бас инженері. 1966-1968 жылдары - Оңтүстік Маңғыстау мұнай барлау экспедициясының бастығы. 1968-1987 жылдары - «Маңғыстаумұнай» бірлестігі бұрғылау жұмыстары басқармасының бас инженері, бұрғылау белімінің бастығы. 1987-1993 жылдары - Қазақ мұнай жобалау ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері. 1993 жылдан - зейнеткер. Маңғыстау тарихы мен мұнайшылар тұралы ғылыми еңбектердің, кітаптардың, мақалалардың авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен және медалдармен марапатталған. КСРО-ның мұнай өнеркәсібінің үздігі.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Туындылары