Өлең, жыр, ақындар

Сейітқұл Оспанов

Сейітқұл Оспанов (1955-2003) — 30 наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді. 1977 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді. «Жалын», «Мектеп» баспаларында, «Пионер», «Зерде», «Парасат» журналдарында, «Жетісу» газетінде жұмыс істеді. 1994 — 2003 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратында аударма секторын басқарды. «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясында қызмет етті. «Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтары мен «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Самый сладкий день», «Құлдар көтерілісі» атты проза кітаптарының авторы.


Қарап көріңіз