Өлең, жыр, ақындар

Эмиль Золя

Эмиль Золя (фр: Émile Zola; Париж 1840 – 1902, сонда) — француз жазушысы, публицист және саясаткер.

Экс қаласындағы колледжді (1858), Париждегі лицейді (1860) бітірген. “Клодтың өсиеті” деген алғашқы романы 1865 жылы жарық көрді. “Ругон Маккарлар. Екінші Империя заманындағы бір отбасының табиғи және әлеуметтік тарихы” атты 20 кітаптан тұратын романдар сериясын (1871–93), “Үш қала” трилогиясын (“Лурд”, 1894; “Рим”, 1896; “Париж”, 1898), “Төрт інжіл” тетралогиясын (“Өсімталдық”, 1899; “Еңбек”, 1901; “Шындық”, 1903; “Әділеттік” аяқталмаған). “Нинон ертегілері” (1864), “Нинонның жаңа ертегілері” (1874), “Капитан Брюль” (1882) новеллалар кітаптарын, т.б. жазды. Золя әрқашан демократияны жақтады, әскери реакция мен діни астамдықты айыптады. “Әңгімелер мен мақалалары” (1956), “Наурыз” романы (1984; аударған М.Нұртазин) қазақ тілінде жарық көрген.


Қарап көріңіз