Құтбай Дүрбаев туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.
Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.
Құтбай Дүрбаев (Құттыбай) (25 мамыр 1906, бұрынғы Ақмешіт уезі, Өзгенттөбе ауылы — 4 қаңтар 1971, Өзбекстан, Жоғары Шыршық ауданы) — Өзбекстанда тұратын қазақ диаспорасының музыкалық-поэтикалық мұрасын жинап насихаттаушы, орындаушылық дәстүрді жалғастырушы.
Дүрбаевтың “Құтбайдың өзімен таныстыруы”, “Құтбайдың Нартайға айтқаны” деген термелерін өнер зерттеуші Т.Бекхожина жазып алып, “Қазына” этнографиялық жинағында жариялаған (1979). “Кенжеқожаның термелері”, “Кенжеқожаның ақындарға берген сыны”, т.б. Құтбайдың орындауында нотаға түскен.
Оның репертуарындағы “Аю мен адамның достығы”, “Мерт болған жолбарыс”, “Кенжеқожаның 1-термесі”, т.б. “Қазақтың 200 әні” (1972), “Қазақтың музыкалық фольклоры” (1982) жинақтарына енген. Дүрбаевтың түрікмен халқының аса көрнекті ақыны Мақтымқұлының сөзіне жазылған “Сұлу” (“Қалқа”) атты әні халыққа кең танымал.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі