Өлең, жыр, ақындар

Әнес Нарымбетов

Әнес Нарымбетов (15.5. 1930, Қазалы ауданы Өркендеу ауылы) — ақын. Қазалы ауданы Өркендеу кеңшарында шаруа отбасында дүниеге келген. Болашақ ақынның балалық шағы соғыс алдындағы аштық-жоқшылық пен соғыс лаңы, соғыстан кейінгі тапшылыққа тұспа-тұс келеді. 1948 жылы қазақ орта мектебін бітіреді. 1956-1986 жж. машина жүргізуші, механик тағы басқа жұмыстар істеген. Дегенмен саналы ғұмырын жыр жазуға арнады. Нарымбетовтың «Қармақ» (1979), «Әупілдек» (1982), «Сапар сазы» (1986), «Қызғыш құс» (1990), «Қарлығаштар» атты жыр жинақтары жарық көрді.


Қарап көріңіз