Өлең, жыр, ақындар

Бекен Қайратұлы

Бекен Қайратұлы — 1963 жылы қаңтар айының 28 жұлдызында Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы «Қобданқол» ауылында дүниеге келген. Алғаш өзі туған Қобданқол аулында бастауыш мектепте білім алып, арықарай Өлгей қалалық І-10 жылдық орта мектебін 1980 жылы тәмәмдады. Осы жылы ел астанасы Ұлан-батыр қаласында орналасқан Сухе-батор атындағы Әскери Жоғары Институттың «Артиллерия» бөліміне қабылданып, оны 1984 жылы лейтанат шенінде үздік бітіріп шықты.

1984-1991 жылдар аралығында әртүрлі әскери қосындарда взвод, батерия командирі, саяси қызметкер тәрізді міндеттерді абыройлы орындап, 1989 жылы Моңғолия Жастар одағының жоғары наградасы «Үздік интелегент» алтын медалымен сыйланған.

1991 жылы Қазақстан Республикасына қоныс аударып, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданына қоныстанған. 1995 жылдан бастап баспасөз саласына қатысып, Тарбағатай аудандық «Тарбағатай нұры» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерін атқарған.

1997 жылы бұрынғы Ақмола қаласына (қазіргі Астана қаласы) қоныс аударып, қалалық «Астана ақшамы» газетінде тұрақты жұмысын бастады. Елорданың өсіп-өркендеуіне қатысты көптеген публистикалық туындыларды өмірге әкелді. Шығармалары – «Ақордалы Астана», «Бағаналы орда басты орда» атты жинақтарға енді. Сондай-ақ ҚР Тіл комитеті жанынан жарық көретін «Тіл және қоғам» журналына бірнеше жыл бас редактор болып, еліміздегі мемлекеттік тіл мәселесі жайлы өзекті жұмыстарға ат салысты.


Қарап көріңіз