Төлеген Қажыбай
Төлеген Қажыбай — 1942 жылы 12 желтоқсанда қазіргі Ақмола облысы, Чкалов ауданына қарасты Ортақ ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде бастаған. Кейін Целиноград облыстық «Коммунизм нүры» газетінде, облыстық телерадио комитетінде істеген. Көкшетау облысы тарағанға дейін облыстық газет редакторының бірінші орынбасары, облыс тарағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық «Солтүстік Қазақстан», Ақмола облыстық «Арқа ажары» газеттерінің Көкшетау қаласындағы тілшілер қосының жетекшіл қызметтерін атқарған. Қазір тәуелсіз «Бұқпа» газеті бас редакторының орынбасары.
«Жолбасы», «Жанымның жапырақтары», «Жырлайды жүрек», «Қарасай дастан», «Сексен көл сылдыры», «Жыр-ғұмыр», «Айналайын атыңнан», «Құлан қырғыны», «Қан кешу», «Махаббат әні», «Жеті жыл», «Көкшетау қарлығаштары», «Ақиқат жолы алыс жол», «Самурайдың серт семсері», «Сәуле — менің ауылым» кітаптарының авторы. «Ұмытпа мені, Гәккуім», «Жындар биі», «Зауал», «Хан Кененің қазасы» драмалары Ақмола облыстық драма театрында қойылып жүр. «Сейіт-Бөкен», «Жапақ батыр» дастандары жарық көрген. 2006 жылы орыс тілінде «Путь к истине» деген атпен кітабы шықты.
Өлеңдері орыс, украин тілде-ріне аударылған. Орыс, эстон ақындарының өлеңдерін қазақ тілше аударуға қатысты.1980 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы берілді. 1996 жылы Республикалық Журналистер одағының А. Байтұрсынов атындағы сыйлығының лауреаты атанды. Көкшетау қаласының Құрметті азаматы.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі