Әмзе Қалмырзаев мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.
Бұл автор бетінде Әмзе Қалмырзаев шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.
Әмзе Қалмырзаұлы — 1953 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысының Сарыағаш ауданында туған. Шымкент педагогика институтының филология факультетін бітірген. Сарыағаш аудандық «Қызыл ту» (1983-1986), облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеттері (1986-1988) редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облысаралық бөлімшесінде (1988-1989) әдеби кеңесші болды және жас ақын-жазушылардың республикалық «Игілік» қауымдастығының президенті (1989-1990), 1989 жылы тәуелсіз «Ақтолғай» газетінің, 1991 жылы қазақ, өзбек, тәжік, қырғыз, түрікмен тілдеріндегі «Наурыз» газетінің редакторы, «Қасиет» баспасының төрағасы (1991) қызметтерін атқарды. Қазір «Қасиет» баспасында Бас редактор және директор қызметінде. 1983 жылы республикалық «Жігер» фестивалі лауреаттығын («Көкпар» өлеңі үшін), «Гүлдесте» поэмасы 1985 жылы Қазақстан Жазушылар одағының жабық бәйгесін, 1987 жылы Қазақстан Ленин комсомолы және Республикалық кітап саудасы істері жөніндегі комитеті мен «Жалын» баспасы бірігіп жариялаған жабық бәйгесін жеңіп алған. 1998 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық жас ақын-жазушылар кеңесіне Қазақстаннан делегат болып қатысқан.
«Құбылыс», «Кереметнама», «Он екі таным», «Туысқан», «Теберік дүние», «Аспан мен Даланың төрт үмытылған тарихы» атты кітаптары, ІІІ томдық шығармалар жинағы жарық көрген. Туындылары республикалық мерзімдік баспасөзде 1980 жылдан жарияланып келеді. «Даналық сүрлеуі», «Жақсы сөз», «Денсаулық-нама», «Пайғамбарлар ұлағаты», «Жаны жайсаң Жандарбек» сияқты оннан аса танымдық, публицистикалық кітаптар мен кітапшалар шығарған.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі